"қыз" Мақал-мәтелдер
Бұл бөлімде "қыз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қызы бардың назы бар,
Қысы бардың жазы бар.
Ілмектер:
қыз, наз
Қотыр қызға — қола сырға.
Ілмектер:
қыз, сырға
Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Ілмектер:
үй, қыз, ұл, жұлдыз
Ыржық қызға — тыржық күйеу.
Ілмектер:
қыз, күйеу
Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.
Ілмектер:
қыз, су, дау
Қызым үйде, қылығы түзде.
Ілмектер:
қыз, үй
Отырған қыз орын табар.
Ілмектер:
қыз
Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.
Ілмектер:
жұрт, жаман, қыз
Арпа берсең, атқа бер,
Қатыр-құтыр шайнасын.
Қызды берсең жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын!
Ілмектер:
төрт түлік мал, жас, қыз
Өзі болған қыз
Төркінін танымас.
Ілмектер:
қыз, төркін
Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.
Ілмектер:
күйеу, қыз, бесін, күн
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.
Ілмектер:
қыз, үй, жеңге
Қызды ауылдың иті жатпас.
Ілмектер:
қыз, ит, ауыл
Қыздың көзі қызылда.
Ілмектер:
қыз, қызыл
Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?!
Ілмектер:
қыз, тұз
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Ілмектер:
ата, қыз, даңқ, мата
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
Ілмектер:
ана, қыз, ас
Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.
Ілмектер:
ұл, қыз, ырыс, өріс
Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.
Ілмектер:
қыз, бала
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Ілмектер:
әке, ер, шеше, ана, қыз, сөйлеу
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі