"үй" туралы Мақал-мәтелдер
"үй" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "үй" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Мың мәртебе тыңдап, бір-ақ айт,
Ісің бітсе, үйіңе қайт.
Ілмектер:
тәрбие, үй, өнеге
От жақпаған үй — қорамен тең,
Кісі кірмеген үй — моламен тең.
Ілмектер:
үй, отбасы
Ұлы жол,
Үйіңнің табалдырығынан басталады.
Ілмектер:
жол, үй
Үйде атан, түзде бурамын.
Ілмектер:
үй, түз
Үй ортасына шала тастама,
Сөз ортасына жала тастама.
Ілмектер:
үй, сөз, тіл
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.
Ілмектер:
үй, жаман, қол өнері
Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Ілмектер:
үй, қыз, ұл, жұлдыз
Қызым үйде, қылығы түзде.
Ілмектер:
қыз, үй
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.
Ілмектер:
қыз, үй, жеңге
Үй баласымен базарлы,
Қонағымен ажарлы.
Ілмектер:
үй, бала, қонақ
Бала тентек болатыны — үйінен,
Ердің тентек болатыны — биінен.
Ілмектер:
бала, ер, тентек, үй
Тойған үйге тоғыз бар.
Ілмектер:
үй, қонақ
Қуыс үйден құр шықпа.
Ілмектер:
үй, қонақ
Түтін шыққан үй — жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Ілмектер:
үй
Үйден ұзап шықпасаң
Қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң
Жақынға қадірің болмайды.
Ілмектер:
үй, қатын, ауыл, жақын
Үй болған соң,
Белбау да керек,
Желбау да керек.
Ілмектер:
үй
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі