Әйел — Мақал-мәтелдер жинағы - 5-бет
Бұл бөлімде "әйел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Балаң жақсы болса —
Екі көздің шырағы.
Атың жақсы болса —
Бұл дүниенің пырағы.
Алған жарың жақсы болса —
Абыройыңның тұрағы.
Ілмектер:
бала, ат, әйел, жақсы
Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,
Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.
Ілмектер:
ұят, әдеп, әйел, жігіт
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Ілмектер:
әйел, ер
Жақсы әйел
Жаман еркекті би етеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті құл етеді.
Ілмектер:
жақсы, жаман, әйел
Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.
Ілмектер:
әйел, еркек, отбасы
Жақсы әйелдің қолы ұзын,
Жаман әйелдің тілі ұзын.
Ілмектер:
әйел, отбасы
Көшерде жұрт жаман,
Айрыларда әйел жаман.
Ілмектер:
әйел, отбасы
Бір үйде екі әйел болса — ойран,
Бір үйде екі сиыр болса — айран.
Ілмектер:
әйел, отбасы, үйлену
Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.
Ілмектер:
әйел, еркек, отбасы
Жаман әйелдің мінезі қиық келер,
Сөзі сұйық келер.
Ілмектер:
әйел, отбасы
Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.
Ілмектер:
әйел, еркек, отбасы
Ағайынға кәдірім жоқ,
Бетімді көреді,
Әйеліме кәдірім жоқ,
Етімді көреді.
Ілмектер:
ағайын, туыс, әйел
Әйелінен сескенген
Ауылдасына шай іш демейді.
Ілмектер:
әйел, көрші
Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.
Ілмектер:
ырыс, жігіт, әйел
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі