Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (14) Өлеңдер (67) Мақал-мәтелдер (104) Ұлағатты сөздер (116)

Өлім — Мақал-мәтелдер жинағы - 5-бет

Бұл бөлімде "өлім" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.

Ілмектер: өлім, пышақ, кісі
WhatsApp Telegram

Қатыны өлген мен байы өлген қосылса:
Күндіз екеу,
Түнде төртеу.

Ілмектер: қатын, бай, өлім
WhatsApp Telegram

Әкесі өлгенді де естіртеді.

Ілмектер: әке, өлім, естірту
WhatsApp Telegram

Шамасыз батырлық —
Шарасыз өлім.

Ілмектер: батырлық, батыр, өлім
WhatsApp Telegram

Өлімнен қорлық жаман.

Ілмектер: жаман, өлім
WhatsApp Telegram

Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.

Ілмектер: өлім, көр, тірі
WhatsApp Telegram

Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

Ілмектер: адам, өмір, өлім
WhatsApp Telegram

Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.

Ілмектер: өлім
WhatsApp Telegram

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Ілмектер: өлім, өмір
WhatsApp Telegram

Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.

Ілмектер: тілек, өлім
WhatsApp Telegram

Өлім — ойран,
Өмір — майдан.

Ілмектер: өлім, өмір
WhatsApp Telegram

Өлген — моладан қорықпайды.

Ілмектер: өлім, қорқу, мола, денсаулық
WhatsApp Telegram

Елшіге өлім жоқ,
Өлеңшіге өкім жоқ.

Ілмектер: сөз, өлім, тіл
WhatsApp Telegram

Жалаң бұттың өлімі шөптен,
Жалаң сөздің өлімі көптен.

Ілмектер: сөз, тіл, өлім
WhatsApp Telegram

Өлім байдың малын шашады, жоқтың көтін ашады

Ілмектер: өлім, дүние
WhatsApp Telegram

Қайрат деген қыран бар
Өлімге күш бермейтін.

Ілмектер: қайрат, өлім, күш
WhatsApp Telegram

Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.

Ілмектер: мал, өлім, молда
WhatsApp Telegram

Ажалды киіктің
Аяғы тыныш жатпайды.

Ілмектер: тағдыр, өлім
WhatsApp Telegram

Ажалды киік адырға қашады.

Ілмектер: өлім
WhatsApp Telegram

Өлім деген - ұзақ жолдың алысы.

Ілмектер: өлім, жол, алыс
WhatsApp Telegram