"қыз" туралы Мақал-мәтелдер
"қыз" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қыз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.
Ілмектер:
қарт, қыз
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Ілмектер:
жақсы, қыз, ұл
Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.
Ілмектер:
жақсы, қыз, жігіт
Қыздың жолы жіңішке.
Ілмектер:
қыз, жол
Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
Ілмектер:
Қыз, гүл, ел, жер
Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.
Ілмектер:
қыз, есек, жүк
Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?
Ілмектер:
қыз, жаман
Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
Ілмектер:
әке, шеше, қыз, ұл
Күндес көргеннің қызын алма.
Ілмектер:
қыз
Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.
Ілмектер:
әке, ұл, қыз, шеше
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі