Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "жаман" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Ілмектер: жаман, еріншек, кедей, жалқау, жалқаулық, жігіт
Кедей болатын жігіт, еріншек келер.
Адам жаманнан жиренбей,
Ілмектер: адам, адам туралы, жақсы, жаман
Жақсыны үйренбейді.
Арзан менен қымбаттың
Ілмектер: базар, жақсы, жаман
Базар берер нарқы бар,
Жақсы менен жаманның
Адам берер парқы бар.
Жақсы жігіт
Ілмектер: жақсы, жаман, жігіт, дос
Досының қамын ойлайды.
Жаман жігіт
Басының қамын ойлайды.
Жақсыға айтсаң
Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық
Бітірер,
Жаманға айтсаң
Жітірер.
Жақсыға айтқан тура сөз —
Ілмектер: жақсы, жаман, сөз
Жасақ тіккен тумен тең.
Жаманға айтқан тура сөз —
Құмға төккен сумен тең.
Жақсының қасиеті — жарастыру,
Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық
Жаманның қасиеті— таластыру.
Жаманға етіңді бер,
Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық
Жамандығын қойсын деп.
Жақсыға ниетіңді бер,
Мерейі толсын деп.
Жақсының басына іс түссе,
Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық
Ашынар да, ашылар.
Жаманның басына іс түссе,
Төгілер де, шайылар.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі