Іс — Мақал-мәтелдер жинағы - 7-бет
Бұл бөлімде "іс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ағайыныңды іске шақырма
Асқа шақыр.
Ілмектер:
ағайын, іс, ас
Біткен іс — піскен жеміс.
Ілмектер:
іс, еңбек
Жұмыла істеген іс жеңіл.
Ілмектер:
іс, еңбек
Сүйіп істеген іс —
Шаршатпайды.
Ілмектер:
іс, еңбек
Құрыш қайрат,
Құрылыста шынығар
Ісін сүйген,
Істей жүріп тынығар.
Ілмектер:
қайрат, іс, еңбек
Ынта болса адамда
Қиын іс жоқ ғаламда.
Ілмектер:
ынта, іс, еңбек
Сөзі — аз,
Ісі — саз.
Ілмектер:
сөз, іс
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Ілмектер:
еңбек, іс, жігіт
Ауыр жол— атаңды сынайды,
Ауыр іс — адамды сынайды.
Ілмектер:
адам, сынақ, іс, жол, ата
Бітер істің басына —
Жақсы келер қасына
Ілмектер:
жақсы, іс
Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма.
Ілмектер:
іс, дау
Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.
Ілмектер:
іс, қалдыру
Орайы келген іс — оңай бітер.
Ілмектер:
іс
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі