Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (938) Өлеңдер (54) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (232) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"білім" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"білім" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "білім" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Қатты жерге егін шықпас,
Қаңғыған басқа білім жұқпас.

Ілмектер: егіншілік, білім
WhatsApp Telegram

Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.

Ілмектер: білім, өмір
WhatsApp Telegram

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес, білімінде.

Ілмектер: кісі, кісілік, киім, білім
WhatsApp Telegram

Білек сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.

Ілмектер: білек, білім
WhatsApp Telegram

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Ілмектер: білек, білім, сену
WhatsApp Telegram

Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.

Ілмектер: білім, ұл, гүл, жұпар
WhatsApp Telegram

Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.

Ілмектер: жер, білім, ырыс
WhatsApp Telegram

Білмегеніңнен емес, үйренбей жүруіңнен қорқ.

Ілмектер: білім, қытай даналығы, қытай мақалы
WhatsApp Telegram

Ұстаз тек есікті көрсетеді, әрі қарай өзің барасың.

Ілмектер: білім, қытай даналығы, қытай мақалы
WhatsApp Telegram

Білім көп орын алмайды.

Ілмектер: білім, оқу, Еврей мақалы
WhatsApp Telegram

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Ілмектер: білім, білім туралы мақал
WhatsApp Telegram

Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.

Ілмектер: білім, ақыл
WhatsApp Telegram

Есеп білген ұтылмас.

Ілмектер: есеп, білім
WhatsApp Telegram

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Ілмектер: ақыл, білім
WhatsApp Telegram

Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.

Ілмектер: ақыл, білім
WhatsApp Telegram

Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Ілмектер: ақыл, білім
WhatsApp Telegram

Туа білмейді, жүре біледі.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.

Ілмектер: білім
WhatsApp Telegram

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.

Ілмектер: білім, ырыс
WhatsApp Telegram