Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (19)

"адам және оның қасиеттері" туралы Мақал-мәтелдер

"адам және оның қасиеттері" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "адам және оның қасиеттері" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Алаған қолым береген.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.

Ілмектер: ақыл, ар, ұят, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Дүниеқор - дүниенің құлы.

Ілмектер: дүниеқор, дүние, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Әрі жат, бері жат -
Төсек тарлығы.
Сенікі-менікі -
Көңіл тарлығы.

Ілмектер: көңіл, тарлық, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.

Ілмектер: әдептілік, ар, ұят, надан, мінез, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Адал адамның аты арып,
Тоны тозбас.

Ілмектер: адал, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Кісі болар баланың
Кісіменен ісі бар.
Кісі болмас баланың,
Кісіменен несі бар.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Білген адам тауып айтады,
Білмеген адам қауып айтады.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Тау тауға қосылмас,
Адам адамға қосылады.

Ілмектер: тау, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Кісінің көзіне көзің түссе,
Көңілі жібіп, мейірі түсер.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Кісі болар баланың
Кісесінен белгілі.
Ат болатын құлынның
Мүшесінен белгілі.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері, ат, құлын
WhatsApp Telegram

Бізде кісі болармыз,
Атқа кісен салармыз.

Ілмектер: ат, кісен, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Құнты жоқ кісі,
Көсеумен қамшылар.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Екі кісі қағысса,
Бір кісілік орын бар.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Өзі отырған адам,
Келгенге орын берер.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Аты-тоны бар кісіде,
Әзіретәлінің күші бар.

Ілмектер: кісі, күш, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Адам болатын бала
Алысқа қарайды.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері, бала
WhatsApp Telegram

Ақ жүрген адам азбас.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері, ата, бала
WhatsApp Telegram