Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Жастық шақ" туралы ұлағатты сөздер жинағы.
Жастық шақ өтті қызығы –
Ілмектер: Жастық шақ, түс, таң, тұман, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Александр Пушкин
Көрген түс, таңғы тұмандай.
Əр мəдениеттің өз балалық шағы, жастық шағы, ересек шағы мен кəрілігі бар.
Ілмектер: мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кәрілік, жастық шақ, балалық шақ Освальд Шпенглер
Жастық шақ — даналықты қабылдайтын уақыт, кәрілік — оны пайдаланатын уақыт.
Ілмектер: жастық шақ, даналық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт, кәрілік Жан-Жак Руссо
Адам жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен.
Ілмектер: жастық, жастық шақ, қызық, баға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Жастық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, ұшу, жұмыс істеу, жұмыс істеу, жұмыс істеу үшін берілген.
Ілмектер: Жастық шақ, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев
Жас кезде адам қызық іздейді,
Ілмектер: жастық шақ, жас адам, қызық, қарт адам, іздеу, адам, жас Али Динабеков
Қарт кезде адам иман іздейді.
Адам өмірінің ең биік шыңы — жастық.
Ілмектер: өмір, адам, жастық, жастық шақ, шың Иоганн Вольфганг фон Гёте
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер,
Ілмектер: өмір, кәрілік, жастық шақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер...
Гимнастика адамның жастық шағын ұзартады.
Ілмектер: гимнастика, спорт, адам, жастық шақ, нақыл, афоризм Джон Локк
Кәріге жігітшілік жараспайды.
Ілмектер: кәрілік, жастық шақ, нақыл, афоризм Құтып
Жаннан безген жырдан басқа, жас жүректің кімі бар?!
Ілмектер: жастық шақ, жүрек Бернияз Күлеев
Суарған семсер секілді, жастықта жатпа, жайраңда!
Ілмектер: жастық шақ, өмір Бернияз Күлеев
Жиырма деген жасыңыз
Ілмектер: өмір, ажал, жастық, жастық шақ Бұқар жырау
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен.
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.
Ілмектер: жастық шақ, арман, сенім, болашақ, романтика, жоспар, лирика Назым Хикмет Ран
Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп-өніп шыққан ғой.
Ілмектер: жастық шақ, арман, қиял, мұрат Константин Ушинский
Адам өмірінің биік шыңы — жастық.
Ілмектер: адам, өмір, жастық шақ Иоганн Вольфганг фон Гёте
Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас.Осыған әрқашанда әзір болу керек.
Ілмектер: жастық шақ, жиырма жас, ерлік Бауыржан Момышұлы
Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.
Ілмектер: жастық шақ, күлкі Абай Құнанбайұлы
Балғын шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы, ұшқырлығы бар.
Ілмектер: жастық шақ, сұлулық Ғабит Мүсірепов
Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.
Ілмектер: жастық, жастық шақ, өнер Ғабит Мүсірепов
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі