Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Тарих" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Тарих" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Бар дəуірлерде де адам өзін «тарихи бетбұрыста» тұрмын деп ойлаған.
Ілмектер: дәуір, тарих, адам Пьер Тейяр де Шарден
Біздің əрқайсымыздың бойымызда бүкіл əлемдік тарихтың материалдық ұшқындары жүр.
Ілмектер: әлем, тарих Пьер Тейяр де Шарден
Кез келген көне дүние осы күнге аман-сау жеткені үшін ғана сүйкімді.
Ілмектер: көне, дүние, сүйкімді, тарих Жан Бодрийяр
Ең бір сеніп қалуға болмайтын нəрсе — тарихтың метафизикалық ұстыны.
Ілмектер: сенім, тарих, метафизика Жак Деррида
Тарихта ұдайы осылай болып тұрады: ол алға қадам жасаған еді, сол үшін əлденесін құрбандыққа шалуға тура келді.
Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрбандық Жак Деррида
Табиғатты ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек, ал тарихты түсіндіру үшін поэтикалық творчество қажет.
Ілмектер: табиғат, ғылым, тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Табиғатты тануды — үйренуге болады: ал тарихтың білгірі болып — туу керек.
Ілмектер: табиғат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тарих Освальд Шпенглер
Біздің тарихымыз — ұлы іліктер тарихы.
Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Тарих саясатқа тәуелді, саясат уақытқа тәуелді. Тарих ешқашан саясаттың алдына шыға алмайды, дәл солай саясат та уақыттан озбайды. Саясат адамның тағдырынан әлдеқашан дүниеге келеді.
Ілмектер: тарих, саясат, уақыт
Əлем тарихы дегеніміз — қала адамының тарихы.
Ілмектер: әлем, тарих, қала, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Мəдениеттің өзегі — өзгеше организмдер. Мəдениет тарихы дегеніміз – солардың өмірбаяны. Мəңгі бала бейнелі адамзаттың ең алғашқы көңіл күй ауанынан ұлы рух оянып, жеке бөлініп шыққан кезде мəдениет пайда болған.
Ілмектер: Мəдениет, тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл күй Освальд Шпенглер
Тарих идеалдарды аяусыз таптап отырады, ал егер əлде бір адам немесе халық белгілі бір кезеңде əділдік үшін күш қолданудан бас тартса, онда ол ой мен ақиқат əлеміндегі теориялық даңқа ие болып шыға келеді, бірақ бұл – оның шындықтың не екенін жақсы білетін басқа бір күшпен тайталаста ұтылып қалғанын білдіреді.
Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық Освальд Шпенглер
Тарих дегеніміз — мəңгілік жасампаздық, мəңгілік болашақ жəне, соған сəйкес, мəңгілік қозғалыс. Табиғат болса — жасалып болған дүние, яғни, мəңгілік өткен шақ.
Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәңгілік, болашақ, қозғалыс, табиғат Освальд Шпенглер
Европа тарихы — өз еркімен жасалған тағдыр, ал Үнді тарихы болса — кездейсоқ жасалмаған кездейсоқтық.
Ілмектер: Европа, тарих, тағдыр, Үнді, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, кездейсоқтық Освальд Шпенглер
Тарих дегеніміз — математикаға қатысы жоқ дегеннің бəрінің жиынтығы.
Ілмектер: тарих, математика, жиынтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Тарихи кезеңдерден белгілі — бірінші болып шабуыл жасау, жеңістің ықтималдығын жоғарылатады, сол сияқты өмірде де, бірінші болып әрекет ету — лайықты жеңіске алып келеді.
Ілмектер: Тарих, шабуыл, жеңіс, әрекет, лайықты, туралы Нарша Булгакбаев
Тарихи шындықта идеалға орын жоқ. Онда тек деректер ғана болуға тиіс. Ешқандай ақиқат деген жоқ, деректер ғана бар.
Ілмектер: тарих, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дерек, ақиқат Освальд Шпенглер
Кез-келген дерек, тіпті ең қарапайымының өзі, өзін тарихқа енгізіп қояды.
Ілмектер: дерек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қарапайым, тарих Освальд Шпенглер
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі