Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (14) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (21) Әзіл, анекдоттар (1)

Көп әдеп араласқан аз ғана амал әдепсіз жасалынған көп амалдан артық

Ілмектер: Әдеп, дәйексөз, цитата

Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.

Ілмектер: қыз, жігіт, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.

Ілмектер: қыз, ана, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады.

Ілмектер: сыпайыгершілік, адам, әдеп Жан-Жак Руссо

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Ілмектер: қыз, мінез, әдеп Ғабит Мүсірепов

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

Ілмектер: сөз, жүрек, мұз, әдеп, дөрекілік Ілияс Есенберлин

Бізге ештеңе де сыпайыгершіліктей соншалық арзанға түсіп, қымбат бағаланбайды.

Ілмектер: сыпайыгершілік, әдеп Мигель де Сервантес

Дөрекілік - рухани осалдық.

Ілмектер: дөрекілік, әдеп Мария фон Эбнер-Эшенбах

Әдептің басы - байқап сөйлеу.

Ілмектер: әдеп, сыпайылық, әдептілік Иүгінеки Ахмед

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.

Ілмектер: әдеп, келін, киім Саиф Сараи

Әйел адамды әдепсіздік құртады.

Ілмектер: әйел, әдеп Сергей Капица

Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Ілмектер: адам, көпшілік, есті, Әдеп, әдептілік Кенен Әзірбаев

Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ.

Ілмектер: әдеп, нақыл, афоризм Саиф Сараи

Достарыңмен қатынаста тек олардың қолынан келетін іс істеуге кеңес бер, оларды жақсылыққа жетеле, әдептілікті бұзба, бірақ нәтижеге жетуге үміт жоқ жерде әрекет жасама. Өзіңді кемсітілген жағдайға жеткізбе.

Ілмектер: достық, нақыл, афоризм, әдеп, үміт Конфуций

Махаббат тақырыбы үлкен тактыны, ерекше әдептілікті керек етеді. Дарақылық, дөрекілік, бәдіктік оның болмысына жат. Сәл ауытқып түскен тіркес, шалыс басқан шалағай сөз махаббатқа да, ғашықтарға да абырой әпермейді.

Ілмектер: махаббат, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, әдеп, ғашықтар Қадыр Мырза Әли

Әдеп — ілімнен бұрын келеді.

Ілмектер: Әдеп, ілім, мінез, Жақсы мінез Омар ибн әл-Хаттап

Адамның деңгейі өскен сайын бейәдеп сөздерді айту ақылға сыймайтын нәрсеге айналады.

Ілмектер: адам, деңгей, әдеп, сөз, ақыл, нақыл, тәрбие, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Тіпті күштің өзімен ештеңе тындыруға болмаған жағдайларда да әдеп арқылы табысқа жетуге болады.

Ілмектер: әдеп, табыс, күш Джон Леббок

Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді.

Ілмектер: әдеп, сезім, өмір, ілтипат, қателік, зиян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Әдемі сөйлейтіндердің көбі, әдепсіз қылықтарға барады.

Ілмектер: әдеп, қылық, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит