Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (27) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (31)

"сұлулық" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "сұлулық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Балғын шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы, ұшқырлығы бар.

Ілмектер: жастық шақ, сұлулық Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Сұлулық деген - бақытты уәде ету.

Ілмектер: сұлулық, бақыт, уәде Стендаль Фредерик
WhatsApp Telegram

Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.

Ілмектер: қарапайымдылық, сұлулық Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.

Ілмектер: тән, сұлулық, көңіл-күй Кристофер Якоб Бустрём
WhatsApp Telegram

Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.

Ілмектер: ақыл, тән, сұлулық, ой Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Ақыл-ой ұшқырлығы сұлулықтың орнын толтыра алады.

Ілмектер: ақыл, ой, сұлулық Клод Гельвеций
WhatsApp Telegram

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

Ілмектер: дүние, ұлы, ой, сұлулық Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

Ілмектер: ана, мейірім, сұлулық Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Болған шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы ұшқырлығы бар.

Ілмектер: сұлулық, өмір, жастық шақ Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.

Ілмектер: тән, жан, сұлулық, қартаю Бөкен би
WhatsApp Telegram

Сұлулық барлық нәрседе бар. Бірақ оны барлық адам көре алмайды

Ілмектер: сұлулық Конфуций
WhatsApp Telegram