Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (23)

"еркек" туралы Ұлағатты сөздер

"еркек" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "еркек" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар

Ілмектер: еркек, Қазақ, желтоқсан, тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков
WhatsApp Telegram

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

Ілмектер: еркек, әйел, жүрек, тірек Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Ілмектер: әйел, адалдық, еркек, Құмарлық Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram