Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (40) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (23)

Кәрілік — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "кәрілік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, қарттық Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,
Қарттыққа аяғын алдырмағаны.

Ілмектер: еңбек, қарт, кәрілік Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді.

Ілмектер: Абай, қымбат, арзан, шындық, кәрілік Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram