Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "уақыт" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Жарасымдылық идеалы — сəулет өнері немесе мүсін өнері, ал олардың мəні — уақытты жоққа шығаруда жатыр.
Ілмектер: сәулет, өнер, мүсін, уақыт Жорж Батай
Уақыт — шындық сияқты, көрінгеннің бəрінің тұра қашуынан басқа түкті де білдірмейді.
Ілмектер: уақыт, шындық Жорж Батай
Уақытты күтуге уақыт жоқ.
Ілмектер: уақыт Нарша Булгакбаев
Зат — біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыздың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.
Ілмектер: зат, уақыт, ажал, қорқыныш, тұрмыс, миф Жан Бодрийяр
Туристік сапар қашан да жоғалған уақытты іздеумен өтеді.
Ілмектер: Турист, сапар, уақыт Жан Бодрийяр
Сатып алмаған зат біздің қолымыздан уақыт тұрғысында алғанда ғана сытылып шығады: ол ешқашан сіздікі болған да емес.
Ілмектер: зат, уақыт, қол, ешқашан Жан Бодрийяр
Кеңістікте — айна қандай рөл атқарса, сағат — уақыт үшін сондай рөл атқарады.
Ілмектер: кеңістік, айна, сағат, уақыт Жан Бодрийяр
Айырмашылық — ілімнің мəңгілігі мен өтпелілігінде тұрған жоқ, сол ілімнің біршама уақыт өміршеңдік таныта ала ма, əлде өлі туған ба — мəселе сонда жатыр.
Ілмектер: Айырмашылық, ілім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Освальд Шпенглер
Өшпенділік пен қорқыныштың арасында — уақыт пен кеңістіктің, қан мен көздің ырғақ пен кернеудің, ерлік пен əулиеліктің араларындай айырмашылық бар.
Ілмектер: Өшпенділік, қорқыныш, уақыт, кеңістік, қан, көз, кернеу, ерлік, әулиелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Тарих саясатқа тәуелді, саясат уақытқа тәуелді. Тарих ешқашан саясаттың алдына шыға алмайды, дәл солай саясат та уақыттан озбайды. Саясат адамның тағдырынан әлдеқашан дүниеге келеді.
Ілмектер: тарих, саясат, уақыт
Алғашқы адамдар үшін «уақыт» деген — мүлдем мəн-мағынасыз сөз.
Ілмектер: уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Уақыт кеңістікті жеңеді.
Ілмектер: уақыт, кеңістік, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Уақыт бәріңді де жеңеді.
Ілмектер: уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
Адам өзіне өзі сенген уақытта ғана айтарлықтай бірдеңе тындыра алады.
Ілмектер: сенім, уақыт, жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Людвиг Фейербах
Өмірге келген бірінші сағатың өміріңді қысқартады.
Ілмектер: өмір, сағат, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
Жастық шақ — даналықты қабылдайтын уақыт, кәрілік — оны пайдаланатын уақыт.
Ілмектер: жастық шақ, даналық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт, кәрілік Жан-Жак Руссо
Ашу — сол уақыттағы ессіздік.
Ілмектер: ашу, ессіздік, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций
Бақытты қуып әлекке түспе: ол барлық уақытта өзіңмен бірге.
Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Пифагор
"Адам болалық" деп қашанғы қақсаймыз, адам болатын уақыт жетті.
Ілмектер: адам, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі