Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (27)

Құрмет — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "құрмет" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..

Ілмектер: ана тіл, тіл, ұят, құрмет Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз.

Ілмектер: құрмет, шек, махаббат Михаил Лермонтов
WhatsApp Telegram

Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр.

Ілмектер: әдет, құрмет, әдебиет Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ілмектер: азамат, ұлт, сүю, сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.

Ілмектер: адам, қасиет, отан, махаббат, құрмет Иоганн Вольфганг фон Гёте
WhatsApp Telegram

Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі.

Ілмектер: Құрмет, Әскер, Тәртіп, Сәттілік Джордж Вашингтон
WhatsApp Telegram