Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (13) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (48)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"әділдік" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"әділдік" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "әділдік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Әділ бидің кегі жоқ,
Білімдінің кемі жоқ.

Ілмектер: әділдік, білім, нақыл Би-шешендер
WhatsApp Telegram

Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: үлкен, құрмет, заман, әділдік туралы нақыл сөздер, әділдік, афоризм, нақыл, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Әділ заң - тірегің.

Ілмектер: әділдік, заң, афоризм, нақыл Жүсіп Баласағұн
WhatsApp Telegram

Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.

Ілмектер: әділдік, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Әділ сөйлеп, адал жүр.

Ілмектер: әділдік, сөз, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Әділдік жолын өзің аш.

Ілмектер: әділдік, афоризм, нақыл Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

Ілмектер: әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер, би Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.

Ілмектер: әділдік, ақыл Асан қайғы
WhatsApp Telegram

Әділдік әкімдіктен күшті.

Ілмектер: әділдік, Әкімдік Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош.

Ілмектер: әділдік, дос, Алла, шайтан, әзіл Қашаған Күржіманұлы
WhatsApp Telegram

Әділ сөз ащы көрінер.

Ілмектер: әділдік, сөз Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Ерлік қолдың күші де, семсерді сілтей білу өнері де емес, ерлік — өзіне-өзі ие болып, әділ болу.

Ілмектер: ерлік, әділдік Саади Ширази
WhatsApp Telegram

Әділдік пен күш біріксе — бұл одақтан күші асар еш нәрсе болмаса керек.

Ілмектер: әділдік, күш, одақ Эсхил
WhatsApp Telegram

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

Ілмектер: адам, әділдік, өмір Әбіш Кекілбаев
WhatsApp Telegram

Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.

Ілмектер: күн, әділ, әділдік, ынтымақ Майқы би
WhatsApp Telegram

Ізгілік пен әділдік өлмейді.

Ілмектер: ізгілік, әділдік Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.

Ілмектер: әділдік, хан, ынтымақ Майқы би
WhatsApp Telegram

Әділдік адам іс-әрекетінің нормасы болуға тиіс.

Ілмектер: әділдік Николай Чернышевский
WhatsApp Telegram

Әділдік жалғыздыққа душар етуі мүмкін.

Ілмектер: әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер Марк Твен
WhatsApp Telegram

Әділдік келгенше қайыр кете тұрады.

Ілмектер: әділдік Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram