Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар.

Ілмектер: мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, көз, нұр, зар Бұқар жырау

Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.

Ілмектер: жауап, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.

Ілмектер: мақтау, сұңқар, тұлпар, нақыл, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Пайда берер - білім,
Кірлетпесе - ділін.
Бөтен сөзбен былғамай,
Қадірлесе тілін.

Ілмектер: Нақыл

Батырсымақ, арыстан,
Ақырған өңшең, алыстан.
Батырмын деп, бақырып,
Кеудесін қағып, жарысқан,
Батырлар бүгін көбейді.
Шынайы, жаумен қағысқан,
Шайқасып жаумен, алысқан.
Батырларым, бар еді,
Бастарын тігіп, өлімге.
Қара жермен табысқан,

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Қазақсың ба? Қазақ болшы тіліңмен, кеудеңдегі жұдырықтай діліңмен. Қазақ болшы бауырым, ана тілді, естісін қазақ, тіліңнен.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет.

Ілмектер: Журналистика, әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Арнольд Мэтью

Халық деген бейшара ғой, сойыл соғысқанда бiрге соғысады, үлеске келгенде құм асайды.

Ілмектер: халық, соғыс, құм, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов

Үй артында төбешік
Ерттеулі тұрған ат болар.
Қариясы кімнің бар болса
Жазулы тұрған xат болар.

Ілмектер: үй, қарт, қария, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Теңеу: боз үстінде от жағып, бұзбай бұлан пісірген мен иемнің бөрлі ала тасы едім, жау көрген күн — жүрегінің басы едім, көз үстінде қасы едім.

Ілмектер: теңеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.

Ілмектер: су, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазақ, дау, жолдас, сыр, тәуба Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жүк тиесең — кетерсің, ниет етсең — жетерсің.

Ілмектер: жүк, ниет, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Ұлы істерді ойласпайды, бастайды.

Ілмектер: іс, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан

Әрбір шешен-дана емес,
Әрбір шеше-ана емес.

Ілмектер: нақыл Бағлан Ерғали

Аздың ісі бітпейді.

Ілмектер: аз, нақыл, іс, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды,
Tap қылып төрт аяғын, байласа да.
Жатпайды болат пышақ қап түбінде,
Өтпейді жасық темір қайраса да.

Ілмектер: тұлпар, болат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың.

Ілмектер: журналист, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой Карл Краус

Жазу қиын, бірақ мүлдем жазбау одан да қиынырақ болар еді.

Ілмектер: жазу, журналист, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тадеуш Бреза

Мінезіңді түзет,
Арыңды күзет.
Ақылды бол,
Арлы бол,
Мінеки саған айқын жол.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Көп ішінде бір жалғыз,
Сөйлеп те сөзі өтер ме.

Ілмектер: жалғыз, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Пікірлер