Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!

Ілмектер: мал, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Рулының — оғы қалса табылар, жалғыздың — тартатұғын жағы қалса табылмас.

Ілмектер: жалғыз, нақыл, афоризм Бұқар жырау

Арту-арту бел келсе — атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе — арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе — азулы сөйлер жүгініп.

Ілмектер: арғымақ, жанжал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.

Ілмектер: жігіт, шешен, дау, сын, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Кісіні көрсең, есікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар несіпке.

Ілмектер: қонақ, мейман, несіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау

Есті кісі ерегеспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Ілмектер: көпшіл, ерегісу, ас, нақыл, афоризм Кенен Әзірбаев

Жаулық жолын сүймеңіз: мынау жалған сұм дүние өтпей қалмас демеңіз.

Ілмектер: жау, дүние, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау

Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал, ерегіс.

Ілмектер: ерегісу, жанжал, ерегіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,
Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан.

Ілмектер: мал, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Есті өскен жас бала,
Таңғы самал, желмен тең.
Ессіз өткен қария,
Сарғайған, сусыз жермен тең.

Ілмектер: Нақыл Бағлан Ерғали

Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан.

Ілмектер: отын, жантақ, қатын, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай.

Ілмектер: түлкі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Тәңірі өзі бермесе – «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала алмас.

Ілмектер: менмендік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Хас сұңқар тұғырында тоғыз түлер.

Ілмектер: сұңқар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,
Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге.

Ілмектер: тас, теңіз, бай, егіз, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да — тартпай қоймас негізге.

Ілмектер: жаман, жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ерке ит ауыз жалайды.

Ілмектер: ит, ерке, ауыз, еркелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Қызарған бет табылар, қызынған ниет табылмас.

Ілмектер: ниет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жаманды мың көргенмен ішің сүймес.

Ілмектер: жаман, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Пікірлер