Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2419)

Қанатты сөздер — Ұлағатты сөздер жинағы - 36-бет

Бұл бөлімде "қанатты сөздер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Күншіл — қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.

Ілмектер: Күншіл, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, қылмыс Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өнер — киелі нәрсе. Оның құлы болған кісі ешкімге бағынбайды.

Ілмектер: Өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
WhatsApp Telegram

Ұлы ақындар жәбір-жапа, қорлыққа толы қиянат жыл, замандарда бір айқай салмай қалған емес...

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, заман Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Халық жасаған бір өнерді жоғалту, сол халықтың денесінен бір мүшесін жоғалтумен бірдей емес пе?

Ілмектер: халық, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды.

Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ақындық — Алла тағаланың тартқан сыйы, табиғаттың берген ерекшелігі.

Ілмектер: Ақындық, сый, табиғат, ерекшелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
WhatsApp Telegram

Қай жерде болсын халықтың мұң-мұқтажына құлақ аспаған адам ол азамат емес. Ол халқының бірінші жауы!

Ілмектер: халық, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мұң, мұқтаж Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Сұлу сөзге сүйсінбейтін, сұмпайы сөзден жиренбейтін жан жоқ.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады.

Ілмектер: күншіл, күншілдік, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Үнемi жетiлуге ұмтылу — әркiмнiң құқығы. Ол — оның жеке наградасы.

Ілмектер: жетілу, ұмтылыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құқық Махатма Ганди
WhatsApp Telegram

Жеке адам өзiн тұтастың бiр бөлiгi ретiнде сезiнуге батылы барғанда ғана бақытты болмақ.

Ілмектер: сезім, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
WhatsApp Telegram

Шындықтың бәрiн айта беру керексiз: бiрiн — өзiң үшiн, екiншiсiн өзгелер үшiн айтпа.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан
WhatsApp Telegram

Адамдар жалпы өзiн қоршаған ортаның мәнiсiне көп бара бермейдi. Көрген нәрсенiң мағынасын ойлануға уақыт таппайды, күйбең тiршiлiктiң тұтқынында өмiр сүредi, өзiнiң биологиялық қажеттерiн, өзiнiң өркөкiректiгiн қанағаттандыру жайын ғана ойлайды және өмiрде жылы орын табуға ұмтылады.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький
WhatsApp Telegram

Бiр сәтке көзiн тайдырып әкету сiздiң ұсынысыңыз алдыңыздағы адамның талғамынан шықпағанының сенiмдi белгiсi бола алады және сiздiң ұсынысыңыз қабылданбайтынын бiлдiредi.

Ілмектер: сенім, ұсыныс, талғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Джеймс
WhatsApp Telegram

Қолға ұстамайынша ақшаңызды жұмсамаңыз.

Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Джефферсон
WhatsApp Telegram

Тек үлкен құштарлықтар ғана адам жанын ұлы iстерге жiгерлендiре алады. Оларсыз адамгершiлiк өмiрде де, шығармашылықта да мән қалмас едi.

Ілмектер: құштарлық, адамгершiлiк, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дени Дидро
WhatsApp Telegram

Түзу жолмен баяу қозғалатындар бұралаң жолмен жүргендерден едәуiр ұзақ жүредi.

Ілмектер: жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рене Декарт
WhatsApp Telegram

Бiз достарды бәтеңке таңдағаннан да нашар таңдаймыз.

Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький
WhatsApp Telegram

Бiз қаншалықты бiлсек, соншалықты iс тындыра аламыз. Бiлiм — күш.

Ілмектер: білім, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Герхард Бранстнер
WhatsApp Telegram

Адам — бұл дүниедегi қонақ, оның өмiрi өткiншi, сондықтан ол артына жақсы iсi мен жақсы сөзiн қалдыруы керек.

Ілмектер: адам, дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram