Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2914)

"нақыл" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "нақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Ілмектер: Қаталдық, әділ, адамгершілік, сезім, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өз міндетін ойлы көзбен қарау — командир қызметінің творчестволық негізі.

Ілмектер: міндет, командир, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жауынгерлік бақыт ұрыста командирге кездейсоқ келмейді, жеңіспен келеді.

Ілмектер: жауынгер, бақыт, командир, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ойланып тұжырым жасау ойлаған нәрсені орындағаннан күрделірек.

Ілмектер: ой, тұжырым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Армиядағы ең қиын шаруа — мойынсұну, бағына білушілік. Әмір ету — мойынсұнуға қарағанда одан да қиынырақ іс.

Ілмектер: армия, мойынсұну, әмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Халықтың атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу — жауынгерлік құрмет көрсету.

Ілмектер: жауынгер, құрмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Солдаттың алғашқы ерлігі — бұл офицердің еркіне мойын ұсыну, бағыну. Офицердің алғашқы ерлігі — халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете білу.

Ілмектер: солдат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық, әмір Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жаяу әскер — ұрыста шешуші күш.

Ілмектер: әскер, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Дәмді, дәстүрді сыйламай өскен балалардың қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр.

Ілмектер: дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қылыш Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Ілмектер: сабыр, сабырлық, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

Ілмектер: атақ, аықл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Ілмектер: ел, жұрт, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Соғыс — өмір мен өлімнің арасындағы қыл көпір.

Ілмектер: Соғыс, өмір, өлім, қыл көпір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Билік те қауіпті. Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса — онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса — онда есерсоққа айналады.

Ілмектер: билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.

Ілмектер: жауынгер, дәстүр, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Мінезсіздік — ойлаудың айқын еместігі.

Ілмектер: мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, ойлау Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Әлсіз ерік-жігер — жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.

Ілмектер: ерік, жігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жалпы мықты ерік-жігер — жеңіс серігі.

Ілмектер: жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерлік, жігер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал — қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Ілмектер: әділдік, мақтаншақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Олжа — елге сауға, атақ — ерге сауға.

Ілмектер: олжа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, атақ Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram