Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (208) Өлеңдер (12) Жоспарлар (2) Ұлағатты сөздер (86)

Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.

Ілмектер: заман, қоғам, салт Әлихан Бөкейханов

Жеке адамның жеке мүддесі мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтар қоғамның адамзат баласына қаншалықты жау екендігін сынап көруге мүмкіндік береді.

Ілмектер: қоғам, қарама-қайшылық, жау Альфред Адлер

Еңбек бөлінісі — адамзат қоғамы тіршілігінің аса маңызды шарты.

Ілмектер: еңбек, қоғам, тіршілік, маңызды, шарт Альфред Адлер

Өнердің дамуы — қоғам дамуының көрінісі. Өнер көре білу мен сезіне білуге үйретеді, оның өзі де əлдебір тіл тəрізді жəне оның бойында зор мүмкіндіктер жинақталған.

Ілмектер: өнер, мүмкіндік, қоғам, тіл Альфред Адлер

Қо­ғам­ның ке­се­лі­нің бір емі — оған ті­ке қа­рау.

Ілмектер: қоғам, кесел, ем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, нақыл сөз, ой толғау Асқар Сүлейменов

Ханның бағы таярда -
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар;
Бидің бағы таярда -
Үлгілі сөзден айырылып,
Әркімнің мінін қазбалар;
Байдың бағы таярда -
Танабын құдай тарылтып,
Қасынан қоңсы қозғалар.

Ілмектер: қоғам, мемлекет, заман, бақ, бай, дұшпан Базар Оңдасұлы