Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (62) Өлеңдер (98) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (480) Ұлағатты сөздер (882)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Адам" туралы Ұлағатты сөздер

"Адам" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Арылуды аңсап қанын ішіне тартқан дүкеншінің, жезөкшенің, əулиенің өзара ұқсастықтарының көптігі сонша — олардың бəрін жиып бір-ақ адам жасауға болатындай.

Ілмектер: арылу, дүкенші, әулие, адам Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Адам қашып қана қанағат табады.

Ілмектер: адам, қанағат Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Қиылған тамақтан тоқтаусыз шапшыған қанды еске салатын мына күлдібадам ойлар отары қайда ағылып барады?!

Ілмектер: тамақ, қан, адам, отар Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Тек адам болу «абыройсыздығынан» «өлмеген» кісі ғана адам болып өледі.

Ілмектер: адам, абырой Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Адамға қатігездік көлеңкесі түсіп, өлімнің көзіне «тура қарайтын» болғанда — оның өмірі тұтас тамашаға айналады. Оны ештеңе де бұза алмайды: өлім — оның жаңаруының шарты ғана.

Ілмектер: адам, қатыгездік, өлім Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Тəртіпсіздік — адамдық моральді құртуды көксеушілердің өлшемі, міне, осы.

Ілмектер: Тəртіпсіздік, адам, мораль Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Адам өмірінің арқауында адамның толымсыздығына негізделген принцип жатыр.

Ілмектер: адам, өмір, принцип, толымсыздық Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Адам — мазасын алмаған кезде ғана моп-момақан.

Ілмектер: адам, момын, мазалау Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Адам ізденсе ғана өмір сүреді.

Ілмектер: адам, ізденіс, өмір Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Ер бала ер адамнан гөрі батылдау келеді, өйткені ол əлі — бала, ал есею көп ретте кісіні қарабайыр жəне пайдакүнем ете түседі.

Ілмектер: ер бала, ер, адам, батылдық, пайдакүнемдік Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Өзім ұнағым келетін жəне ұнауға тырысып жүрген адамды мен жеңімпаз ретінде қабылдаймын.

Ілмектер: адам, ұнау, жеңімпаз Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Бірдеңе істегісі келген адам жұрт не дер екен деп бас ауыртып жатпайды: ойланбастан басын бəске тігеді.

Ілмектер: жұрт, адам, бәс, бас, ойлану Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Өзін əлсіз сезініп көрмеген адам, құдайдан да хабарсыз келеді.

Ілмектер: адам, әлсіз, құдай Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Бақытты адам үнсіз келеді.

Ілмектер: бақыт, адам, үнсіздік Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Əлдебір міндет атқарушы адам — əуел бастан-ақ жалыққан адам.

Ілмектер: міндет, жалыққан адам, атқарушы, адам Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Адамдарды жеңген кеңістіктен гөрі жеңілген кеңістік көбірек бөліп тұрады.

Ілмектер: адам, кеңістік, адам Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Толық жетілген қалып адамға өз құдірет-күшін сырттан бақылаушы рөлін ғана қалдырады.

Ілмектер: құдірет, күш, адам, бақылаушы Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Несие жүйесі адамның өзінің алдындағы шыдамсыздығын шегіне жеткізе алады.

Ілмектер: несие, жүйе, адам, шек Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Зат — адамның оған қатысты жасайтын қадамдарынан да гөрі күрделіленіп барады.

Ілмектер: зат, адам, қадам, күрделі Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram

Бірқатар өркениеттер үшін адамның қуат-күші мен жануарлардың қуат-күші бірдей.

Ілмектер: өркениет, күш, қуат, жануар, адам Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram