Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.

Ілмектер: Австралия, қой, қала, мал, заман, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.

Ілмектер: май, шам, артық, нақыл, афоризм Құтып

Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!

Ілмектер: жер, қадір, жұрт, нақыл, афоризм Асан қайғы

Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.

Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер

Өлгенді қадір етсек - қанға рауа.

Ілмектер: өлім, қан, нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев

Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді.

Ілмектер: жомарт, дана, даналық, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский

Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,
Шыға алмайтын мұңылықтың қазылған терең оры да.

Ілмектер: әйел, жанұя, нақыл, афоризм Би-шешендер

Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.

Ілмектер: тарих, қазақ, қаңлы, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Не, қиындық кездессе де жолыңда,
Барлығы да ұлы Алланың қолыңда

Ілмектер: адам, нақыл Қадыр Мырза Әлі

Бұл адамнан бәрі де табылады,
Жаманың да жақсың да танылады,
Осал болсаң, есектей ерттеп мініп,
Мықты болсаң барлығы жабылады.

Ілмектер: Адам, жаман-жақсы, нақыл Қадыр Мырза Әлі

Күштімін деп мақтанба!
Құздан бір күн құларсың.
Құр бекерге шаттанба!
Көп күлсең бір жыларсың.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Адамдарсыз адам бағы жанбайды,
Көңіл шіркін ықыласқа қанбайды.
Жылы сөзді артығырақ айта бер,
Жаның содан жарлыланып қалмайды

Ілмектер: адам, жылы сөз, нақыл Қадыр Мырза Әлі

Қызметтің пайдалы болуы уақытты ұтымды қолданудан.

Ілмектер: уақыт, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский

Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Би-шешендер

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.

Ілмектер: заман, мұрат, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Қолдағыға қанағат - шүкір қылмасаң,
Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

Ілмектер: қанағат, нақыл, афоризм Сүйінбай Аронұлы

Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.

Ілмектер: су, нақыл, афоризм Құтып

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

Ілмектер: ғылым, мақтаншақтық, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Жалғанда жұмақ – жазғы жел.

Ілмектер: жаз, жел, нақыл, афоризм Бернияз Күлеев

Табысты адам - өзіне лақтырылған кірпіштерден, мықты іргетас қалай алатын адам.

Ілмектер: табыс, адам, нақыл Дэвид Бринклин