Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (5) Ұлағатты сөздер (12)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"зұлымдық" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"зұлымдық" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "зұлымдық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Зұлымдықтың жеңуі үшін жақсы адамдардың ештеңе істемеуі жеткілікті.

Мағынасы:
Зұлымдықты күшейтетін басты себеп — тек жаман адамдардың әрекеті емес, оған қарсы тұрмаған, үнсіз қалған жақсы адамдардың немқұрайлылығы. Үнсіз қалу — бейтараптық емес, ол да жауапкершілік.

— Эдмунд Бёркке телінетін нақыл

Ілмектер: зұлымдық, жаман, үнсіз қалу, үнсіздік, немқұрайлылық, бейтараптық, жауапкершілік, жақсы адамдар Эдмунд Бёрк
WhatsApp Telegram

Ойланбай әрекет ету – зұлымдықтың ең қауіпті түрі.

Қайдан алынған:
Eichmann in Jerusalem: A Report on the Banality of Evil (1963)
— «зұлымдықтың банальдылығы» ұғымы осы еңбекте талданады.

Ілмектер: зұлымдық, ойлану, әрекет ету, қауіп Ханна Арендт
WhatsApp Telegram

Оразадан тән қиналса да, жан қиналмаған. Адам жаны тоқшылық заманнан қиналған. Себебі тоқшылық — ізгілікке де, зұлымдыққа да қуат берген. Рамазан айында зұлымдық өз қуатынан айырылады. Шайтан кісенделеді дейтіні сол себепті. Шын тыйылған (ас-саум) адамға уасуас әсер етпейді.

Ілмектер: Ораза, тән, жан, нәпсі, тоқшылық, заман, ізгілік, зұлымдық, қуат, Рамазан, шайтан, аштық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Зұлымдық Алладан ба, әлде Аллаһ пәк па? Ізгілік Алладан, Субхан Аллаһ.

Ілмектер: Алла, зұлымдық, ізгілік, Жақсылық, Жамандық, пәк Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Зұлымдық шыңырауы — жаман əрекетпен табатын пайдасыз-ақ тартымды.

Ілмектер: Зұлымдық, жаман, әрекет Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Жеке адамның иелігіне берілген материалдық игіліктерді пайдаланбау, өзінен, денсаулығынан аяу, мүкәммәл жинау, Ақыретке сақтап қою, өлгеннен кейін қолданамын деп ойлау — қаржы айналымына жасалған зұлымдық.

Ілмектер: Адам, материалдық игіліктер, денсаулық, ақырет, өлім, қаржы, ақша, зұлымдық, туралы Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ізгілік болмаса, адалдық қайдан, зұлымдық болмаса, арамдық қайдан.

Ілмектер: ізгілік, адалдық, арамдық, зұлымдық, туралы Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Оразадан жан қиналмаған, тоқшылық заманнан қиналған. Себебі тоқшылық — ізгілікке де, зұлымдыққа да қуат берген.

Ілмектер: ораза, тоқшылық, заман, жан, ізгілік, зұлымдық, қуат Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Зұлымдықтай ақылды бол,
Жанымның,
Жарасының аузын ашпа, жарқыным!

Ілмектер: ақыл, жара, жан, зұлымдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир
WhatsApp Telegram

Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат сияқты қылмыстар өше берудің орнына өсе берсе, сол қылмыстардың бәрі де басқарушылардың өз бастарында болғаны!

Ілмектер: Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат, қылмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, басқарушы Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Мейлі, ақтай беріңдер, мейлі, жазаламай-ақ қойыңдар, бірақ зұлымдықты зұлымдық деп өзінің атымен атаңдаршы.

Ілмектер: зұлымдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский
WhatsApp Telegram

Зұлымдық зұлымдықты тудырар.

Ілмектер: зұлымдық Михаил Лермонтов
WhatsApp Telegram