Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"сыпайылық" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "сыпайылық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады.
Ілмектер: Сыпайылық, кісі, кіші, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев
Сыпайы сырын білдірмес.
Ілмектер: сыпайылық, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
Сыпайы сырттан мақтар.
Ілмектер: сыпайылық, сыпайы, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Саясатта табысты болу – халықты өз көзқарасыңа иландырып, оларға анық, сыпайы, сабырлы әрі ашық түрде түсіндіруді қажет етеді.
Ілмектер: саясат, табысты болу, халық, көзқарас, сыпайылық, сабыр Нельсон Мандела
Сыпайы болудан сіз ешнәрседен ұтылмайсыз. «Жоқ» деп айтуға мәжбүр болатын жағдай болады, бірақ оны мәдениетті түрде, шынайы себептерін түсіндіре отырып жеткізіңізші... Не себепті «Жоқ» екенін маған түсіндіріңізші. «Жоқтың» орнына «Иә» деп айтпай-ақ та қойыңыз... Егер «Жоқ» деп айтуға шынайы себептер болса, жауабыңыз «Жоқ» болып қала берсін, бірақ оны сыпайы жеткізіңіз.
Ілмектер: сыпайы, сыпайылық, мәдениет Ли Куан Ю
Әдептің басы - байқап сөйлеу.
Ілмектер: әдеп, сыпайылық, әдептілік Иүгінеки Ахмед
Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.
Ілмектер: өтірік, сыпайылық, сыр, тәрбиелі Антон Чехов
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі