Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (84) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (229)

Егер өзiңе зардап келтiретiн болса, өзiңдi-өзiң талқыға салу қауiптi, егер жiгердi жасытатын болса, қиялшылдық зиян, егер күшiңдi кемiтетiн болса, мамандық жаман, мiнездi құртатын ойға бату ауыр салдар қалдырмақ.

Ілмектер: ой, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жігер, зиян, мамандық Анри-Фредерик Амьель

Әдебиетті жасайтын ой мен тіл.

Ілмектер: ой, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қол қысқа, ой ұзын, арман биік. Қол ұзын болса әгәр, құтылмас еді-ау арман деген бәтшағар.

Ілмектер: қол, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, арман Ғабиден Мұстафин

Дананы — ойынан;
Батырды — сойынан;
Ізгіні — ісінен;
Жақсыны — түсінен;
Көлгірді — көзінен;
Суайтты — сөзінен.

Ілмектер: дана, ой, батыр, ізгі, іс, жақсы, көз, суайт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ойдағымызды орындап шығу үшін бізге қаржыдан көрі қайсарлық жетіспей жатады.

Ілмектер: ой, қаржы, қайсарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Шынымды айтсам, мыналардың ойына ортақтас болғаннан көрі, мен Платонмен бірге қателескенді дұрыс көрер едім.

Ілмектер: ой, қателесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Еңбек — өмір шынысына адамның құятын майы, ой — жағатын оттығы.

Ілмектер: Еңбек, өмір, адам, май, от, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Стендаль Фредерик

Ең ерен ерлік — ой ерлігі.

Ілмектер: ерлік, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатоль Франс

Біреулер ой ойлап бақытты;
Біреулер іс тындырып бақытты;
Енді біреулер солардан ұрлап бақытты.

Ілмектер: ұрлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, бақыт Сайын Назарбекұлы

Қылыштан да өткір ащы тілдері,
Қылдан нәзік ойларының іздері.

Ілмектер: қылыш, өткір, тіл, ащы, нәзік, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бойы биік, көлеңкесі шағын, бойы аласа, көлеңкесі көлемді ағаштар бар. Адам да сол сияқты. Бойың биік болғанша, ойың биік болсын, көлеңкең шағын болғанша, бойың шағын болсын.

Ілмектер: ағаш, адам, көлеңке, бой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой Ғабиден Мұстафин

Саз — сөз шарғасы жетпейтін, менің тереңнен сыр тартып айтпағымды жеткізер ойым.

Ілмектер: саз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сыр, ой Рихард Штраус

Жақсы адам болу өнері — нені ойламау қажет екенін білу.

Ілмектер: жақсы, адам, өнер, ой, туралы Нарша Булгакбаев

Біз ойға алғанның бəріне қол жеткізерліктей еркін емеспіз, бірақ қажеттіні істеп-істемеуге еріктіміз.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ой жоқ жерде жүйе жасаудан жеңіл ештеңе жоқ.

Ілмектер: ой, жеңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ештеңеге тұяқ тіремеген еркін ойлау болмайды.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Адами ойлау дегеніміз — көзбен ойлау.

Ілмектер: адам, ой, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ойынға айналған жерде ой да ештеңе айтқысы келмей қалады.

Ілмектер: ойын, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Көп ойлағанның — жауы да көп.

Ілмектер: ой, ойлау, жау Роберт Вальзер

Махаббат туралы жазудың ең жайлы жолы — оны ойдан шығару.

Ілмектер: махаббат, жол, ой Роберт Вальзер