Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (41) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (123) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (4)

Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.

Ілмектер: ақылсыз, үй, сәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Біз қайыршылар сияқты даланы паналап немесе жарығы, суы жоқ бос үйдің ішінде отырғандай, кейде қолда емес мида бар алтынның қадірін білмей, біздің ішімізде алтын сандық бар екендігінен бейхабармыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Қайыршы, дала, жарық, су, үй, ми, алтын, қадірін білу, сандық Нарша Булгакбаев

Ересек адамға бір нәрсе туралы кеңес беру қиын, өйткені ол бұрыннан қалыптасқан. Ал жастарға кеңес беремін — жастар болашақ туралы ойлануы керек. Барлығы әдемі болу туралы ғана емес — әдемі машина, әдемі үй. Даму туралы ойланыңыз — өзіңіз, балаларыңыз, еліңіз үшін.

Ілмектер: кеңес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даму, жастар, болашақ, үй Бибігүл Төлегенова

Еркектер зорығып өлетін ауыр жұмыстарды бұ күндері қыңқ деместен әйелдер атқарып жүр. Оның сыртында, үй тіршілігін істейді, бала өсіреді, кәрі ата, енелерін күтеді.

Ілмектер: еркек, әйел, үй, жұмыс, бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев

Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:

— Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? — деп сұрайды: Сонда Жиренше:

— Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, — депті.

Ілмектер: қатын, әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бейбақ, жаман, үй Жиренше шешен

Қазақта жалғыз шаңырақ бар, ол — Қазақстан! Оңтүстік — өз үйіміз.

Ілмектер: Қазақстан, шаңырақ, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Түзде — мырзаң, үйде — сырдаң.

Ілмектер: түз, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Үй ішілік ахуал — өмір үшін мазасыздықтың бір көрінісі.

Ілмектер: ахуал, үй, өмір, мазасыздық, көрініс Жан Бодрийяр

Кітап — үйдің ашулы тұрған терезесі.

Ілмектер: кітап, үй Расул Ғамзатов