Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (22) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (58)

Өтірік айтпай өмір сүре алатын адам ғана азат.

Ілмектер: өтірік, өмір, азаи, адам, нақыл, Ұлағатты сөздер Альберт Камю

Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де зор өтірік айтып, өз бетпердесін (маска) өзі ашатын болады.

Ілмектер: шын, күдік, сенім, сену, жүрек, өтірік, маска, бетперде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Кiм өзiне-өзi сенбесе, сол әрқашан өтiрiк айтады.

Ілмектер: сенім, өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше

Кейде күдіксіз сену өтіріктен де жаман.

Ілмектер: сенім, өтірік Фридрих Ницше

Егер сіз миллион доллардың иесі болсаңыз, онда бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Өзгелер сізге жағыну үшін өрескел өтірік айтады. Бірақ маған олай ұнамайды. Қарапайым өмір сүрсем деймін. Сол үшін де, мен күн сайын және демалыс күндері жұмыс істеймін, бірнеше жылдан бері демалысқа шыққан емеспін.

Ілмектер: миллион, өмір, өтірік, демалыс, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Артымнан айтылған жалған, жала сөздерге ешқашан мән беріп көрген емеспін. Өтірік сөзге күйіп-пісудің не қажеттілігі бар?

Ілмектер: өтірік, сөз, жалған Авраам Линкольн

Ақиқатқа сын жағады, себебі жеңісіне сеп болады; жалған сыннан қорқады, өйткені жеңілуіне сеп болады.

Ілмектер: сынау, сын, критика, ақиқат, жалған, шындық, өтірік Дени Дидро

Біз сенетін өтіріктерден біз өмір сүретін шындықтар өседі.

Ілмектер: өтірік, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оливер Хассенкамп

Ғасырлар бойы сеңі бұзылмайтын өтірік болады. Бірақ та, бәрі бір өтірік әшкереленеді.

Ілмектер: Ғасыр, өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өтірік — зиян, кесір.

Ілмектер: зиян, кесір, Өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Шындық — бас шабатын айбалта, бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта.

Ілмектер: шындық, өтірік, тамыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өтірік — ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

Ілмектер: Өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, у, сенім Бауыржан Момышұлы

Ақиқаттың не екенін толық түсінбей сөйлеген адам, өтірікші емес, шыңға дейін шыдай алмаған жалған ақиқатшыл.

Ілмектер: ақиқат, өтірік, жалған, адам, туралы Нарша Булгакбаев

Сөз тілінде өтірік айтушы адам — онысын, оған өзі мəн бермесе де, ишарат тілінде де сездіріп қояды.

Ілмектер: сөз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өтірік Освальд Шпенглер

Өтіріксіз — дін де, поэзия да жоқ.

Ілмектер: өтірік, дін, поэзия Жорж Батай

Бұл өмірде өтірік жоқ, бәрі шындық. Бұл өмірде тек Ақиқат пен Жалғандық бар.
Теріс шындық зиянды, оң шындықтан зиян жоқ. Шын мәнінде адамға тек Ақиқат қана пайда әкеледі, ал жалғандық алдайды.

Ілмектер: Өмір, өтірік, шындық, ақиқат, жалған, теріс, зиян, оң, шын, мән, адам, пайда, алдау Нарша Булгакбаев

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Ілмектер: Қанағат, рақым, Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Талап, еңбек, терең ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бес дұшпан Абай Құнанбайұлы

Өтірік айтпа, қиянат қылма, адал бол, ақжүрек бол, өзің үшін оқыма, мен үшін де оқыма, ұлтыңа қызмет қылып, пайда тигізу үшін оқы!

Ілмектер: өтірік, адалдық, ақжүрек, ұлт, пайда тигізу Жүсіпбек Аймауытов