Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (457) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (579) Әзіл, анекдоттар (4)

Өмiрге ендiң - ендеше жүгенделдiң,
(Мен де талай бұлқындым, жiгерлендiм),
Бiрақ әр кез тағдырың шешiледi
Қолыменен кездейсоқ бiреулердiң.

Ілмектер: өмір, тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Бүгiнгi күн сен үшiн соңғы күн сияқты етiп өмiр сүру керек.

Ілмектер: бүгін, күн, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский

Менімен менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.

Ілмектер: өлім, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Бұл өмір абақты ғой саналыға...

Ілмектер: өмір, абақты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Өмiр бойы басшылыққа алып өтетiн сөз бар ма? Бар, ол — кiшiпейiлдiлiк!

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кiшiпейiлдiлiк, басшылық Конфуций

Адам — жұмбақ. Оны шешу керек, ол жұмбақты өмiр бойы шешер болсаң, онда уақытым кеттi деп өкiнбе.

Ілмектер: адам, жұмбақ, өмір, уақыт, өкініш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский

Өмiр — ылғи жұпарлы жемiс гүл ме?
Ой-жырасы болады тегiстiң де.
Адал, мөлдiр қалпыңда қалу деген,
Оңай емес құбылған жер үстiнде.

Ілмектер: өмір, адал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Өмір біздің мінсіз болуымызды әсте қаламайды. Өзін мінсіз деп санайтындардың орны музейде.

Ілмектер: өмір, мінсіз, музей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ремарк Эрих Мария

Өмiр ойын сияқты: бiреулер оған — жарысуға, басқалар — саудаласуға, ал ең бақыттылары — көруге келедi.

Ілмектер: өмір, жарысу, сауда, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие берiлуi керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өмiрiне опат әкеледi.

Ілмектер: бiлiм, тәрбие, тәрбиесіз, жау, опат, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Егер бiреу өмiрдiң мағынасы немесе құндылығы туралы сұраса — ол ауру (принцесса Бонопартқа жазған хатынан).

Ілмектер: өмір, мағына, құндылық, ауру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Зигмунд Фрейд

Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.

Ілмектер: Мамандық, өмір, кірпіш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Хосе Хулиан Марти

Өмір өзі тудырған ертегіден артық ертегі жоқ.

Ілмектер: өмір, ертегі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханс Кристиан Андерсен

Өмірім — өзгенікі, өзімдікі — өлім ғана.

Ілмектер: өмір, өлім Әйтеке би

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенге боласың тең.

Ілмектер: өмір, махаббат, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмірдің қызығы Абай Құнанбайұлы

Cенің жасағаның өзіңе қайтып оралады.

Ілмектер: оралу, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Андре Моруа

Көпшiлiгiмiздiң тiрлiгiмiз тарақандiкi сияқты, яғни өмiр бойы жылы жерде отырып, мұртшаларын қимылдату, нан жеп, кiшкене тарақаншаларды қаптату.

Ілмектер: тірлік, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Бақыт дегенiмiз адамның өзiмен-өзi бейбiт өмiр сүруi. Бұл да адал тiрлiк iстегенде келедi.

Ілмектер: бақыт, афоризм, қанатты сөздер, өмір, нақыл, адалдық Максим Горький

Кісінің жақсылық, жамандығы оның өз парызын қалай түсінетіндігімен, қалай атқарғандығымен бағаланса өмір бәріне де жеңілірек болар еді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Сайын Назарбекұлы

Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен.

Ілмектер: өмір, ажал, жастық, жастық шақ Бұқар жырау