Өмiр — ылғи жұпарлы жемiс гүл ме? Ой-жырасы болады тегiстiң де. Адал, мөлдiр қалпыңда қалу деген, Оңай емес құбылған жер үстiнде. Ілмектер: өмір, адал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өмiр — ылғи жұпарлы жемiс гүл ме? Ой-жырасы болады тегiстiң де. Адал, мөлдiр қалпыңда қалу деген, Оңай емес құбылған жер үстiнде.
Адал болса – досың жақын, Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағын шөберең жақын, Туып өскен – елің жақын. — Қазыбек Келдібекұлы адал, дос
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға! — Мұқағали Мақатаев уақыт, адам
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. — Әл – Фараби дос, достық
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын. — Қазыбек Келдібекұлы ағайын, адал
Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. — Дінмұхамед Қонаев өмір, үйрену
Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді. — Ғабит Мүсірепов адам, өмір
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол! — Төле би Әлібекұлы адал, нақыл
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі