Терезеге үңіледі бір сұлу
Қарашада қара суға қақ тұрды,
Атам қойын суық желге бақтырды.
Бүрсең қағып бара жатты бір апа,
Əжімдері мұң айтуға шақ тұрды.
Қарашада қара суға қақ тұрды,
Атам қойын суық желге бақтырды.
Бүрсең қағып бара жатты бір апа,
Əжімдері мұң айтуға шақ тұрды.
Əуен біткен сезімдерді жырлай ма?
Оны да тек жүрегі бар тыңдайды ə?!
Бақ ішінде кезек-кезек əуелеп,
Күй төгіп тұр домбыра да сырнайға.
Жанымда жүрші, жігерімді құлатпа,
Жырым боп еніп, жадымда менің тұрақта.
Күйкі тірліктен көңіл түскенде құлазып,
Ештеңе деме, жай ғана мені құшақта!
Жасыл нұрға боялған дала мынау,
Күміс шықтан күлкі іздеп салам сұрау.
Гүл аңқыған әлемге арбалам да,
Тағы ғашық, мен осы боламын-ау!
Қызғалдағы жоқ қырлардан,
Сағынышы жоқ мұңдардан,
Сезімнен ада жырлардан,
Айтылмай қалған сырлардан
Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Ойымды ғазал сөзім мүсіндесін.
Шумақтан, бунақтардан өзіңді ізде,
Басқалар түсінбесе түсінбесін.
Қараша күз, қараша айы, қара жел,
Қара желмен ырғалады дала, бел.
Жапырағын шашып алған ағаштың,
Мұң мен зарын әуре ме екен санап ел?
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі