Қазақша жаңылтпаштар жинағы

Қазақша жаңылтпаштар жинағында балаларға, оқушыларға және үлкендерге арналған қызықты, оңай, қиын және қысқа жаңылтпаштар берілген. Бұл бөлім тіл дамытуға, дикцияны жақсартуға, сөзді анық айтуға және дұрыс сөйлеуге көмектеседі. Мұнда 1 сынып, 2 сынып, 3 сынып, 4 сынып, 5 сынып оқушыларына, балабақшаға және түрлі жасқа арналған жаңылтпаштарды онлайн оқуға болады.

Оңай, қиын, қысқа және балаларға арналған жаңылтпаштар

Бұл беттен қазақша жаңылтпаштар жинағын, 3 жаңылтпаш, 5 жаңылтпаш, 10 жаңылтпаш, оңай жаңылтпаштар, қиын жаңылтпаштар, қысқа жаңылтпаштар, балаларға арналған жаңылтпаштар және мектепке арналған жаңылтпаштарды табуға болады.

Сондай-ақ бұл жинақта білім туралы, денсаулық туралы, отан туралы, су туралы, көктем туралы, кітап туралы және р дыбысына арналған жаңылтпаштар да кездеседі.

  • 16.09.2021

– Сатыбалды кеше неше дәптер сатып алды?
Сатыбалды кеше неше кептер атып алды?
– Сатыбалды кеше көп дәптер сатып алды,
Сатыбалды кеше көк кептер атып алды.



  • 16.09.2021

Үш қыз да ұшқыш,
Ұшқыш та үш қыз.
Үш қыз – ұшқыш,
Ұшқыш – үш қыз.



  • 16.09.2021

Аманкелді майданнан аман келді,
Аманкелді май айына таман келді.



  • 16.09.2021

Шын айтты ма?
Сын айтты ма?
Шын айтса да,
Сын айтса да,
Шыны – сын,
Сыны – шын болсын!



  • 16.09.2021

Талап салақ-ты,
Оқымайды сабақты.
Самат талапты,
Жақсы оқиды сабақты.
Талап салақ-ты,
Самат талапты.



  • 16.09.2021

Асу, ашу, ас су, аз су:
Аз су, ас су, ашу, асу.



  • 08.08.2020

Көктемеде
Көк пе төбе?
Көк төбеде –
Көп бетеге,
Бетегеге
Көк жете ме?



  • 11.05.2020

Оралдан оралған олардан
Омаржан оң көріп,
Он бөрік,тор беріп, тон алған.



  • 08.12.2019

Бір топ тобыр
Опыр ­топыр
Көпірде отыр,
Жиналған көп нөпір
Не деп отыр?
«Аты – көпір,
Көпірде көпір»
Деп кеп отыр.



  • 10.09.2019

Іздеп ек бір-бір құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық біз құрдан-құр.



  • 10.09.2019

Ізге түсті Ізмұрат,
Ізмұратты біз бірақ,
Іздеп-іздеп таппадық,
Ізім-қайым қызық-ақ.



  • 10.09.2019

Ісшіл іссізбен келіспейді,
Істі іссізден тез істейді.
Іске іскер,
Істі іскер істер.



  • 10.09.2019

Ысқан ұстаз – ұстаз ұста,
Үш ұстаға ұстаз ұста,
Үш ұстаға жасы тұстас ұста.



  • 10.09.2019

«Ыбырай, Ыбырайдың шымыры-ай!
Денесі де тым ірі-ай!»
Мақтап жүрген Ыбырай,
Мысықтан қорқып зымырай,
Берер зымырай.



  • 10.09.2019

Ши тоқыдым шиеден,
Теңіз кештім түйемен,
Күйме жасап инеден,
Үй тұрғыздым түймеден.



  • 10.09.2019

Шәйімнің шәй шайнегі мосыдан түспес,
Мосыдан түссе, ащы деп ішпес,
Ащы деп ішсе, ыссы деп ішпес.



  • 10.09.2019

Шабысты ат,
Шалыс шаппас,
Шалыс шапса,
Алыс шаппас.



  • 10.09.2019

Шошыттың үш құсты,
Шошынып үш құс ұшты.



  • 10.09.2019

Шабдар атты
Шет көрмейді,
Шалабай,
Шауып бірақ,
Шөп бермейді,
Шалағай.



  • 10.09.2019

Шаңқ-шаңқ етіп шағала,
Шабақ ілер жағада.



1 сыныптан 5 сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған жаңылтпаштар

Бұл бөлімде 1 сынып, 2 сынып, 3 сынып, 4 сынып және 5 сынып оқушыларына арналған жаңылтпаштар бар. Сондай-ақ 5 жасқа арналған жеңіл жаңылтпаштар да кездеседі.

Балаларға арналған жаңылтпаштар

Балабақшаға, бастауыш сыныпқа және тіл дамыту сабақтарына арналған балаларға ыңғайлы жаңылтпаштар осы бөлімде жинақталған.

Оңай жаңылтпаштар

Жаттауға жеңіл, айтуға ыңғайлы және балаларға қолайлы оңай жаңылтпаштар тіл жаттықтыруға жақсы көмектеседі.

Қиын жаңылтпаштар

Тіл сындыруға арналған күрделі және қиын жаңылтпаштар дикцияны жақсартуға және сөздерді анық айтуға пайдалы.

Жаңылтпаштар не үшін керек?

Жаңылтпаштар сөйлеу тілін жаттықтыруға, дыбыстарды анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамытуға және балалардың тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Сондықтан жаңылтпаштар балабақшада, мектепте және үйде жиі қолданылады.

Жиі ізделетін жаңылтпаш түрлері

  • қазақша жаңылтпаштар
  • жаңылтпаштар жинағы
  • оңай жаңылтпаштар
  • қиын жаңылтпаштар
  • қысқа жаңылтпаштар
  • балаларға арналған жаңылтпаштар
  • 1 сыныпқа арналған жаңылтпаштар
  • 2 сыныпқа арналған жаңылтпаштар
  • 5 сыныпқа арналған жаңылтпаштар
  • р дыбысына жаңылтпаштар
  • білім туралы жаңылтпаштар
  • денсаулық туралы жаңылтпаштар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңылтпаш деген не?

Жаңылтпаш – сөздерді тез әрі анық айтуға үйрететін қысқа мәтін.

Қазақша жаңылтпаштарды қайдан оқуға болады?

Бұл бетте қазақша жаңылтпаштардың үлкен жинағын онлайн оқуға болады.

Жаңылтпаштар кімдерге арналған?

Жаңылтпаштар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және қазақ тілін үйренушілерге пайдалы.

Оңай және қиын жаңылтпаштар бар ма?

Иә, бұл бөлімде оңай, қиын, қысқа және балаларға арналған жаңылтпаштар жинақталған.