Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 10.09.2019

Үйрек дәйім тіледі,
Үлгілі үйрек болуды.
Үкімен бірге үнемі,
Үрікпей жүру көңілді.


  • 10.09.2019

Үйір-үйір үйректі,
Үйірге кім үйретті?
Үйір-үйір үйректі,
Үйірге өзім үйреттім.


  • 10.09.2019

Үш кісінің ұшы үшкір,
Үш кісінің ұшы ескі,
Үш ішік тыстадым,
Үш үскі ұштадым.


  • 10.09.2019

Үш егізбіз, үш егізбіз,
Асты бірге ішеміз біз.


  • 10.09.2019

Үйде ойыншық үлегім,
Үлегімді үремін.
Үремін де үнемі,
Үстіне өзім мінемін.


  • 10.09.2019

Үш кiшi iшiк пiштiм,
Бес кiшi iшiк пiштiм:
Неше кiшi iшiк пiштiм?


  • 10.09.2019

Ұн тартқан,
Аппақ ұнтақ шынтақтан.


  • 10.09.2019

Ұста еңбек тарланы,
Ұғып алғын бар мәні!
Ұстамасаң балғаны,
Ұстап көрші, ал кәні!


  • 10.09.2019

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.


  • 10.09.2019

Ұлсынай – ұшқыш ер жүрек,
Ұнайды оған зәулім көк.


  • 10.09.2019

Ұстап қара қарындашын,
Ұштап қарындашын қарындасым
Ұсынды қарындасым қарындашын.


  • 10.09.2019

Уықтардың барлығын,
Уыққапқа сал, күнім,
Уыққапқа салған соң,
Уыздан жеп ал, күнім.


  • 10.09.2019

Уфаға барып оқыған,
Уәли жібек тоқыған.


  • 10.09.2019

Тырмада бар,
Қойшыда жоқ,
Тырнада бар,
Аңшыда жоқ.


  • 10.09.2019

Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.


  • 10.09.2019

Тарғыл итім, талға орал!


  • 10.09.2019

Тас тостаған,
Тас тостаған ішінде
Тас тастаған.


  • 10.09.2019

Тарғақты тақыр жерге
Жұмыртқалатпақшымыз,
Жұмыртқаламаса да
Жұмыртқалатпақшымыз.


  • 10.09.2019

Түйетабанды
Түйе табанымен таптаса,
Табанына
Тікен кіре ме?
Табанымен
Түйе
Түйетабанды таптаса
Табанына тікен кірмей ме?


  • 10.09.2019

Тамшылар тамшы тамса,
Тығылар таса тапса.