Өлең, жыр, ақындар

Ата-ананың қадірі

Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.

Ғ.Мұстафин

Шаңырақтың негізі-ата-ана.Адам бойындағы жақсы да жаман қасиеттердің бəрі ата-анадан.Оның ішінде тəрбие əкеден болғанымен,ана əрқашанда басым болып тұрады.Өйткені,ананың тілі,ананың мейірбандығы,ананың махаббат сезімі,ақ көңілі,толассыз мейірімділігі бəрі-бəрі адамға ана құрсағында жатқанда-ақ дарыды,ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңіп,болмысымызға тарады.Тіпті бұны ең білікті ғылым салалары да,ақындарда сөзсіз дəлелдеп отыр.Бұрынғы ата-бабаларымыз өмір сүрген заманда ананың осы бір абзал қасиеттерін ертеден-ақ білген екен.Сондықтанда шығар қазіргі болашақ ұрпақтың сай тасындай салауатты,саңлақ болып өсуі.Батыр да,бағлан да,көсемде шешен де,данышпан да барлығы əке мен анадан жаралды.Бірақ ана емеспе? тоғыз ай құрсағында көтеріп,кейін төрт ұйқысын төрт бөліп,бесік жырымен əлпештеп, бізді үлкен адам ретінде мына бір өмірге қалыптастырған. Сондықтан да болар-ау,қазақ ана парызын əке парызынан əлдеқайда жоғары қояды.Біз əрқашанда ата-анамызға сол бір сəби қалпымызда қаламыз.Əке-шешеге деген біздің атқаратын парызымыз ешқашан бітпейді.《Ата-анаңды көтеріп,Меккеге үш барып,үш келсенде,перзенттік парызыңнан құтыла алмайсың》деудің өзі 《ата-анаға мəңгі бақи қарзызсың》дегенді аңғартпайма?! Сол үшінде ата-анаға жасаған істерімізді,көмектерімізді міндетсінбеуіміз керек.Ата-ана біз үшін қолдарынан келгенше бағып-қағып,қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Осы жолда біз үшін барын жұмсайды.Тіпті өзінің жаның беруге де даяр тұрады.Бірақ уақыт шіркін əрқашан озады емеспе?!Осы бір күйбең-тіршілік,бала-шағаның қамы,ата-ананы тез қартайтып,қауқарсыз күйге түсіреді.Кейінен əкеміз бен анамыздын қара шаштарының арасынан жаңа түскен қардай ақ басқанын,жүздерін əжім көлеңкелегенін байқап,ажарларын уақыт ұрлап  бара жатқанын аңғарамыз... Еңсені езген,тағдырыдың ісіне сыр бермей,балаларына білдіртпей барынша бақытты да ұзақ өмір сүруге тырысады.Бірақ қазір адамдар ата-ананың  қадірін білеме? Иə,көпке топырақ шашпаймын.Ата-анасын бағып қағып,бар қалған уақытын немере шөберелірімен өткіздіріп,жүздерін жадыратып,разылығын,алып жүрген ұл-қыздарда аз емес.Дүние кезек деген барғой,енді ата-анасы баласына сəби болып,Жаратушы иенің аманатын,арқалау міндеті перзентінің мойнына жүктеледі.Жаңа жоғарыда айтып кеткенімдей,адамдар,ата-ананың қадірін білеме? Ащы шыңдық болса да айтайын, себебі ,қазір ата-анасының қадірін білмейтін балалар көп...Оған дəлел,қоғамдағы барлық адамдар өз ата-анасының қадірін біліп,бақытты етсе,əлпештесе,онда Қазақстанда《Қарттар үйі》болмаушы еді...Бұрын-соңды,əке-шешесін  Қарттар үйіне тапсыру,далаға тастау,қаңғытып қайыршы қылу деген жаман əдет болмаған еді.Қазір қатыгез адамдар көбейіп кеттіме?əлде қоғам жауыз болдыма?білмеймін...Əйтеуір жылдан-жылға 《Қарттар үйі》ашылып,ішін сəбидей жаутаңдаған қауқарсыз қарттармен толтырып қойдық.Бұл саналы деген ұрпақтарымыздын сана-сезімінін құлдырауының белгісі емес пе?! Менің ойымша,ең бірінші ұрпағында ата-анаға деген құрмет болуы керек.Кейін сыпайылық,сүйіспеншілік,мейірімділік,төгіуіміз қажет.《Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада》деп бекер айтылмаған.Бала өскенен кейін менің жеке өмірім,жеке ойым бар деп анасына қарсылық білдіріп шығады.Сол уақытта анаға жұбаныш болатын жан əрине жары.Сондықтанда, ананың қасына əкені жіберген.Бір сөзбен айтқанда,өмірлік жолдас.Не үшін 《Ата-ана》деп бірге осы екі сөзді қосып айтамыз?Осыған дейін бұл сауал сіздерді мазалмағанда шығар.Менің пікірімше,бұл сөздердің астында үлкен мəн-мағына жатыр.Олар өмірдің тəттісін де,ащысын да бірге татып,бірге бөлісуі үшін,бір-біріне қорған,жұбаныш,арқасүйері болу үшін құдай оларды табыстырды деп ойлаймын.Бірақ барлық тіршілік иесінің басына келетін өмірдің тосынан келген ,сыйы екіге айырады.Адам өмірде мəңгілік емес,бүгін  бар ертең жоқ деген секілді.Өмірлік серігін,жұбанышын жоғалтқан жан қайғылы күндердің қойнауына енеді.Ол үшін бұл өмір қаңсырап,қалған бос дүниедей көрінеді.Осындай кезде қауқарсыз күйге түскен əкелерімізге немесе аналарымызға баласы ретінде қолдау көрсетуіміз қажет.Керісінше,жығылған үстіне жұдырық болып,оларды қарттар үйіне жіберіп немесе көшелерде қаңғыртып,қайысқан қабырғасын қаңсыратып,жіберетін дүниеге құмартып,көздері көрмей жататын жандарда мына ғасырда кездесіп жатады.Сол уақытта олар өздерін мына əлемде ешкімге керек еместей сезінеді,ең ауыр күндерді басынан өткізеді.Айналасынан қайғысын бөлісетін дос іздейді.Өмірінің үмітіне айналған баласының өзіне көңіл бөлгенін қалайды.Немерелерінің басынан иіскеп,қайғысын сейілтуге тырысады.Қартайған шағында əке де ана да,көңілшек боп,жан-жарынан айырылып,қауқарсыз сəбидей қорғансыз күйге түседі. Осы орайда ақиық ақын М.Мақатаевтың мына өлені есіме түсіп отыр:

                Неменеңе жетістің,бала батыр?

                 Қариялар азайып бара жатыр. 

                 Бірі мініп келместің кемесіне 

                  Бірі күтіп əнеки,жағада тұр,-деген өлең жолдары қазіргі мəселені дөп басып айтып тұрғандай.Əлпештеп өсірген бала қайырымсыз болса,онда қоғамнан не қайыр күтеміз?《Баланың жақсысы қызық,жаманы күйік》деген сөз осындай да айтылса керек.Қазақ бала тəрбиелеу ісінде  де аса айрықша мəн берген.Баланы жастан тəрбиелесе,олар өскенде ата-анасына қамқорлық танытады.Үнемі ата-анамыз халқынды сүй,халқын үшін отқа түс,еріңбей еңбек ет!деп құлағымызға жаттатып тастаған.Бұлда бір үлкен тəрбиенің көрінісі шығар.Бала өз елін жақсы көріп тəрбиеленсе,өсе келе дүниеге кірпіш болып қаланады,өмірінде тіршілігінде,шын мəнінде қызмет атқара алатын,ер-азамат болып өседі.Қортындылай келе:Ата-анамыз біз үшін  кез-келген нəрсені орындаудан бас тартпайды,қамқорлайды,мəпелейді,бар мейір-махаббатымен бізді өсіреді.Біздерде сол секілді,ол жандарды жақсы көруіміз қажет,ең бастысы қадірін біліп жүрейік.Егер кімде-кім ата-анасына кереағар іс істесе,онда  дəл сондай адам ешқандай жақсылыққа лайық  емес.Егер перзентіңнін өзінді құрметтегенің қаласаң,онда сен де ата-ананды құрметте!Себебі:ата-анаңа не істесең,балаң саған соны істейді... Ендеше,қадірменді оқырман,осы қысқа өмірде қолдағы қазынамыздың қадірін білейік!Ата-ана ол біздің-асыл қазынамыз!        


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Майра

Керемет шығар мағынасы бар..жарайсың!!

Сабина

Оте жаксы жагылган

Ермахан

Жаксы жазылыпты адамга улкен ой салады.

Кука

Арай жарайсын каламын уштала берсин!!!

Бақыт

Керемеет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз