Өлең, жыр, ақындар

Менің нағашым

Менің нағашым Бауыржан Бабажанұлы 1969жылы 21 ақпанда Қарқалпақстан  Республикасы Қоңырат ауданы «Ленинизм» деген ауылда дүниеге келді.Әкесі Бабажан ауылда зоотехник,анасы қарапайым жұмысшы.Үлкен ағасы,өзінен кейін інісі және екі апасы ,бір қарындасы бар. Жастайынан жыр тыңдап,өлең жазып әдебиетке қызыққан 1986 жылы мектеп бітіріп арман қала Алматыға барды.Бірақ сол жылы түсе алмай ,ауылына қайтіп келеді. Өзі тұратын ауылында совхозға қарапайым жұмысшы болып істейді. 1987жылы қайта оқуға барады бірақ түсе алмай күзде әскер қатарына қосылады.Сонымен 1990 жылы Әл-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  фиология факультетіне  оқуға түседі. Осы студент кезінде анасын  қатты сағынса керек, «Ауылға хат» деген өлеңі туындайды

Ай, Күнге ұлын балаған,

Арманы биік, еңселі,

Жанымның нұры-жан анам,

Сағынып жүрмін мен сені.

Бесінгін Ардың тербедің,

Сананың көзін жарық қып.

Жұтаңдау,жарлы дүниені,

Қанағатыңмен қарық қып.

Бұл өлең сол студент шағында қазіргі тілмен айтқанда «хит» болды.Қазіргі уақытта бұл өлеңді Тахмина Әшімбекова айтып жүр тек тақырыбын өзгертіп «Жан анам» деп айтып жүр. Аталған оқу орнын 1995 жылы аяқтап,Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер инстутында  кіші ғылыми  қызметкер, республикалық «Жалын» журналында, «Ана тілі » жалын бірлескен басылымдарында бөлім меңгерушісі «Алтын орда» газетінде бас редактордың орынбасары болып қызмет  атқарды.1996 жылы отбасын құрды.Қазіргі таңда екі қыз,бір ұл тәрбиелеп отыр.Қазіргі уақытта ұлы Бексұлтан Алматыда университетте,қызы Әсел Нұр-Сұлтан қаласында университетте,кіші қызы Ақбота 11 сынып оқиды.Нағашым  Ақтөбеге  2000 жылы келді.Биыл нағашым мерейлі 50 жасқа толды.Менде нағашымды  құттықұтап бардым.Мен  Ақтөбеге  барған сайын  сәлем беріп шығамын.Осы Бегімсұлу жиенім болмаса деп мәз болып қалады.50 жылдық кеші  Т.Ахтанов атындағы облыстық  драма театрында  «Тәңіріме бір уәде беріп ем»  атты  кеші өтті.Оған  бір қатар Қазақстандағы  қаламгер  ағалары,өзінің достары,курстастары қатысты.Алматыдан келген жазушы Темірхан Медетпеков осы менің  нағашыммен курстас,қатарлас. Достарын кезінде бұларды «алтын көпіршіктер»деп баға берген.Сол буынның басында  Бауыржан  Бабажанұлы  тұр деп айтты.Ақын туралы  жылы лебіздер білдірді.Осы кешке ақын  Төлеген Айбергеновтың қызы  Салтанат  Айбергенова  да қатысты.Кеште  ән айтылды,өлеңдер оқылды кеш  қызықты өтті.Сонымен қатар  ақын бір қатар жетістіктерге де жетті.2003 жылы  алтыншы халықаралық  «Шабыт» фестивалінің «әдебиет» номинациясы  бойынша   бас жүлдесін , «ҚР» консултациясына 10 жыл, «ҚР»  тәуелсіздігіне 10 жыл медельдарының иегері. Қазіргі  уақытта нағашым  облыстық «Ақтөбе»  газетінің  бас редакторы болып жұмыс істейді.Мен  осы сайысқа мақала жазарда  түрлі тақырыптаррда жазуды ойладым. Бірақ, ойлана келе, өзімнің нағашым туралы жазуды ұйғардым.        

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы

Тасөткел орта мектебінің 9 сынып оқушысы Елутай Бегімсұлу


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз