Өлең, жыр, ақындар

Көрұғлы (II нұсқа)

Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып отыратынын, қоңсылық қайырымды меңзеген сөз.

Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елдер. Сондықтан да, рухани орталық, өнер жолындағы өзара ықпал етушілік қашаннан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де шет қалмаған. Ол түркімен тақырыбына арнап «Нар иген», «Тәштит», «Көрұғлы» сияқты күйлер шығарған.

Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйінің аңыз әңгімесі орта Азия халықтарының арасында кеңінен тараған әйгілі «Көрұғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір сәтімен байланыстырла айтылады.

...Бірде, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан, төсекте басы, төскейде малы қосылған түрікмен ағайынға Дәулеткерей қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алдынан шығып, абыройлы ел ағасының олжасын қызықтамақ ниет білдірсе керек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «Уа, ағайын, сөзіме құлақ сал! — депті. — Түркімен ағайынның көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді, «өледі» деп алмадым, дүние беріп еді, «тозады» деп алмадым. Бірақ құр қол қайтқаным жоқ. Осы сапардың бір белгісі болсын деп, өлмейтін, тозбайтын күй шығарып қайттым!» — деген екен.

Сондағысы, осы «Көрұғлы» күйі еді дейді.


Пікірлер (2)

Дархан

Көрұғлы (II нұсқа) - Қазақ ауыз әдебиеті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз