Жалғыз боз атынан басқа ешбір көлігі жоқ бір кедей болыпты. Оның жайшылықта бұта артар, көшкенде жүк артар көлігі де осы аты екен.
Ол бір күні бар-жоғын боз атына артып, көшіп бара жатса, бір ауылда қалың адам жиналып ас беріп, бәйге қосып, дыр-думан болып жатыпты. Олардың тұсынан әлгі адам боз атын жетектеп өтіп бара жатқанда, боз аты бір күрсініп қалған екен, тарту арқаны үзіліп кетіпті. Мұны көрген әлгі кедей: «Е, жануар-ай, ішіңде өнерің бар екен ғой, сенің де қарызыңнан бір құты лайын» деп жүгін сол жерге түсіріп тастап, аттың ыңыршағын алмастан, бәйге болып жатқан ауылға барыпты, оған ешкім қарап та қоймапты. Тек аттарды айдайтын кезде кедей: «Атымның арқасы жайдақ мінуге келмейді, ыңыршағымен балам мініп барады», — депті де қалың жүйріктердің соңынан ілестіріп жіберіпті.
Бәйге келеді-ау деген мезгілде аты барлар да, басқалар да кезеңге шығып, шаң көрінген жаққа қараумен болады. Бірі ана ат келеді десе, бірі мына ат келеді деп тұрғанда, жалғыз шыққан боз ат екені анық болады. Аздан соң басқа аттардан көш бұрын ыңыршағын сүйретіп боз ат келген екен.
Үстіндегі баласы жығылып, ыңыршағымен келген атқа, жол бойынша екінші бәйге беріліпті. Осыдан бастап, бұл кедейдің күйсіз көлігі — боз атқа арналып «ыңыршақты боз» деген күй шығарылған екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі