Мұғалімді заңсыз жұмысқа тартқандарға 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасымен 3 кодекске және 15 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасында мемлекеттік бақылаудың сыртқы бағалау мен аккредиттеудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар норма қарастырылған. Мұғалімдерді артық жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу және осы нораны іске асыру үшін нақты санкциялар қарастырылған», — деді заң жобасын таныстырған министр.
Оның атап өтуінше, заң жобасында мұғалімдерді өз міндетіне жатпайтын қызметтерге тартқанын үшін және олардан орынсыз есеп беруін талап еткені үшін әртүрлі құқық бұзушылық субъектісіне байланысты 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген.
«Осыған ұқсас айыппұл жұмыс уақыты нормасын заңсыз асырғаны үшін де қарастырылып отыр. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының есептік тізбесі мен формасын бекіту бойынша Білім министрлігінің құзыреттілігі кеңейеді. Сондай-ақ мұғалімдердің біліктілік талаптарын бекіту, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқуының қауіпсіз жағдайын, тәрбиеленушілерді күту, оларды қамтамасыз ету нормалары да сақталып отыр», — деді министр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі