Қаламгерлер сайысы. Қараша айының соңғы жеңімпазы анықталды — Сайыс2019 бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Қаламгерлер сайысы. Қараша айының соңғы жеңімпазы анықталды бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
Шығармашыл жастардың өнерін қолдау мақсатында басталған қаламгерлер сайысының қараша айындағы соңғы жеңімпазды анықталды.

Сонымен, сайыстың он үшінші аптасының жеңімпазы «Досым менің» атты шығарманың авторы Нұрбек Бекұлы bilimland.kz сайтынан powerbank ұтып алды.
Он үшінші апта қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:
Досым менің
Үмітімді жалғадың!
Бөлісейік ауыр мұңнан қалғанын.
Арманыңа жетер жолда тежелме,
Сендегі арман олда менің арманым.
Ақ көңілдім
Үмітің еш сөнбесін!
Өмір алда әлсіз болу ерге сын.
Күйіңді ұғам жанарыңнан көрген соң,
Оны менен өзге ешкім көрмесін...
Намысшылым
Бойда қаны тулаған!
Түңілмейік онсызда бұл қу ғалам.
Бес күн жалған бақыт көріп өтейік,
Біздей достар әлі өмірде тумаған..
Арыстаным
Батыл жүрек айбарлы,
Мәңгілікке достығымыз байланды.
Еңсереміз қиындығың түк емес
Мына әлем өзіңменен жайдарлы.
(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Сыйлықты алу үшін bilimland.kz сайтымен байланысуыңызды сұраймыз!
Ескерту! Құрметті қатысушылар, өлең енгізу барысында, ілмектер өрісіне bilim2019 ілмегін (қатесіз, тырнақшасыз, пробелсіз) міндетті түрде қосыңыздар (кері жағдайда сайысқа қатыспады деп есептеледі.)! Ілмек үтір арқылы қойылады. Мысалы: bilim2019, туған жер, ел, ... деп. Одан бөлек, авторы деген ұяшықты бос қалдырып, авторы өзім дегенді де (жазудың үстіне басу керек) басыңыздар.
Эссе енгізу барысында сайыс2019 деген бөлімді таңдауды ұмытып кетпеңіздер.(кері жағдайда сайысқа қатыспады деп есептеледі.) Авторы деген ұяшықты бос қалдырыңыздар.
Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы өтіп, толығырақ танысуға кеңес береміз.
Бұл бетте Қаламгерлер сайысы. Қараша айының соңғы жеңімпазы анықталды тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Сайыс2019 бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі