Өлең, жыр, ақындар

Болашақ тележурналисттің көзімен!

Болашақ журналист ретінде қазақ журналдарының ішінен  көзіме ерекше түскен "Балдырған" республикалық балалар журналын сараптадым.  Балалардың ақыл-ойын, зердесін дамытатын танымдық, рухани нәр беретін әдеби, мәдени тақырыптардағы мақалалар мен көркем шығармалар жариялау, мектеп өмірі, балалардың тыныс-тіршілігі, балалардың өз шығармашылығын қамтитын газет-журналдар шығару журналдың негізгі мақсаты болса керек. Түрлі-түсті бояумен басылып, жарыққа шығатын бұл журнал- республикамыздың әр өңіріне жазылым бойынша таратылады. 1959 жылдан бастап таратылатын журналдың бүгінгі таңдағы таралымы- 26 277 дана.

"Балдырған" балалар журналының әрбір саны балақайлардың жан-жақты дамуына зор үлес қосады. Журналдағы әрбір айдар кретивке толы. Мәселен, тәлім-тәрбие беретін ертегілер мен әңгімелер, логиканы дамытуға арналған ойындар, баланың сан қырын ашу мақсатындағы арнайы бетшелерге дейін қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрінде көзден таса қалдырмаған. Тілі жеңіл бұл басылым кішкентай балалар үшін пайдалы десем артық болмайды.  Сұранысқа ие журналдың тағы бір тартымдылығы оның суреттері. Балалар қызықса - қызығатындай. Тіпті, өзімде суреттеріне қарай бергі келеді. Түрлі-түсті бояуларда адам психологиясына әсер ететіндей болып таңдалған. Көңіл-күйді бұзатын қара,қоңыр түстер журналда қойылмаған. "Жарайсың" деген атаумен берілетін кезекті айдардан балақайлардың жеткен жетістіктерін көруге болады. Бұл  да мотивацияның бір түрі болса керек. Осы айдарда әр бала өзін көргісі келіп, сурет салып, әңгіме жазып редакцияға жіберуге ұмтылады. Журналды оқып қана қоймай, керібайланыс жасау мүмкіндігін туғызған редакцияға өз алғысымды білдіремін! Бала-болашақтың бастауы! Балаларға арналған сапалы журналдар саны көбейе берсін.

Жанерке Халиуллина

   

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз