Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс Атырауда

18-22 қараша аралығында Атырау облысы әкімдігінін қолдауымен Облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы,Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры және Р.Отарбаев атындағы «Руханият» қорынын ұйымдастыруымен Р.Отарбаев  атындағы III Республикалық театр фестивалі өтті.

Жазушы драматург,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі,Парасат орденінің иегері Рахымжан Отарбаев атындағы Республикалық драма театрлар фестивалі биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өткізіліп отыр.Фестивальге еліміздің әр аймағынан келген тоғыз театр ұжымы өз өнерлерін көрсетті.

Таласқа түскен бұл байқауда, Асанәлі Әшімов бастаған әділ қазылар алқасы бас жүлде мен 1 млн теңге сыйақыны Отарбаевтың  «Жалғыздық» спектаклі үшін Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма  театрына берді. Бірінші орынды «Әміре» драмасын қойған Астана қалалық  Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік  академиялық драма театрына (800 мың теңге), екінші орынды «Мұқағали мен Фариза», «Темір-Нарком» драмалары үшін  Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау  облыстық музыкалық драма театры және  Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрлары (600 мың теңге)  жеңіп алды.Жүлделі үшінші орын  «Бас», «Мұстафа Шоқай» драмалары үшін  Ж.Шанин атындағы шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры мен Түркістан қалалық  Р.Сейтметов атындағы сазды драма театрына (400 мың теңге) бұйырды.

Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің
Журналистика мамандығының 3-курс студенті
Серікқалиева Ақбота                                                                                                  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз