Сыбайлас жемқорлық күні бүгінге дейін жойылмай келе жатырған кеселдің бірі десек қателеспейміз. Сыбайлас жемқорлық бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке қауіп төндіреді, себебі азаматтар санасында, әсіресе жас ұрпақтарда, өмірдің жоғары деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін.
Қоғамымыздың денін жегідей жеген жегі құрттардың бірі – пара алу. Пайдакүнемдік қылмыстар қатарына жататын пара алудың мағынасы – лауазымды тұлға өз қызметін пайдаланып, істеген «жақсылығы» үшін заңсыз материалдық сыйақы алуы. Бұл дегеніңіз ақталмайтын арсыздық. Шынына келгенде көп адамдар жоғары оқу орнына түсу, қызметке орналасу немесе тағы басқа жағдайда бұл қылмыспен бетпе бет кездесіп жатады. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін біз тарихтан жақсы білеміз.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Еліміздің барлық өңірлері мен мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр түрлі шаралар өткізіліп белсенділік танытуда. Бірақ, жемқорлық дес берер емес. Сыбайластықтың құрығына түсетін де, оны тоқтататын да халық. Сондықтан құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Жұмабергенова Базаргүл Бақтиярқызы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі