Өлең, жыр, ақындар

Суицид - қоғам дерті

XXI ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерегінше, Қазақстан әлемде жасөспірімдер суициді ең көп тіркелген елдер қатарына кіреді. Бұған қоса, мұрағаттардан 1981-2008 жылдары өзге елдерде суицид фактілері азайып, ал Қазақстанда халықтың әр 100 мың тұрғынына шаққанда 22,5-тен 25,6-ға дейін көбейгенін көрсететін деректер табылды. Жасөспірімдер арасында өзіне қол салу оқиғасы әлі жиі болады. Қазақстанда жасөспірімдердің қыршын ғұмырын тәрк етіп, өзін өлтіруі - «сыртқы» әсердің кесірінен болатын өлім болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу фактілері жағынан Қазақстан әлемде үшінші орында тұр. Әдетте жастар арасындағы суицид оқиғаларына әлеуметтік жайсыздық, жұмыссыздық, жалғыздық және жатсыну негізгі себеп болады деп саналады. Психологтардың айтуынша, суицид – жас баланың қоғамнан шет қалу, тап болған қиындықтарын шешуге дәрменсіздік танытуы.Суицид тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

Статистика бойынша көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырылады.Сонымен қатар суицид көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.

Амангалиева Дильназ


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз