Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан Республикасының мемлекеттің хатшысы ҚазҰУ-дың жағдайымен танысты

Білім ордасы кешенін аралау барысында Қырымбек Көшербаев университет мұражайына, Жағдаяттық басқару орталығына, Бизнес-құзыреттілікті дамыту кластеріне, «Керемет» СҚКО-ға, ІТ-Технопаркіне барды, жас ғалымдардың «жасыл энергетика» бойынша инновациялық жұмыстарымен және бірегейстуденттік старт-аптарымен танысты.

Сонан соң әл-Фараби орталығында Қырымбек Көшербаев философия ғалымдарымен және профессорларымен кездесті.

Мемлекеттік хатшы әл-Фараби мұралары дәл бүгінгі таңда ерекше өзектілікке ие екендігін және тұлға тақырыбы, адамгершілікті жетілдіру, зияткерлік деңгейді арттыру, барлық адамзаттың еркіндік пен бақытқа қол жеткізуі сияқты уақыт талаптарына жауап беретіндігін атады.

«Көрнекті философтың идеясы қолданбалы сипат алу керек. Университет тарапы және танымал ғалым-фарабитанушылар жасаған жұмыстарды өзекті етуіміз керек. Егер ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында біз өзін-өзі анықтау мәселелерімен айналыссақ, енді келесі кезеңге көшуіміз керек, ол – мемлекеттің әл-ауқаттылығына сынақ, біздің алдымызда әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру маңызды міндеті тұр. Бұлардың барлығының негізінде белсенді түрде насихаттауды қажет ететін әл-Фараби мұралары жатқанына сенімдімін. 2020 жылы ұлы ғұламаның 1150 жылдығын мерекелеу бойынша мемлекеттік комиссияның келесі отырысын ҚазҰУ-дағы әл-Фараби орталығында өткізуді ұсынамын», - деді Қырымбек Көшербаев.

Сапар соңында қонаққа университет атынан әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы жайлы кітап сыйға тартылды.

Темірболат Мадина Мейрангазықызы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2 курс магистранты
Болат Сайлан
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың т.ғ.д.,профессоры


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер