ҚР Кәсіподақ федерациясының өкілдері «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді.
«Ұсыныстарымыздың көбі заң жобасына енгізілді. Біз өз ұсынысымызда ұстаздардың оқу жүктемесін азайту мәселесін көтердік. Жоба бойынша, орта мектептерде ұстаздардың бір апталық оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа азайды. Ұстаздардың кәсібі жұмысына араласпау туралы, ұстаздарды көптеген тексерістерден, қағазбастылықтан босату туралы ұсыныс айттық. Мектепте жұмыс істейтін магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша төлемақы төлеуге ұсыныстар айттық», — дейді Қазақстан білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Азамат
35-40 жыл өтілі бар ұстаздарды зейнетке шығару керек
Шынар
Зейнет жасы қайта қаралса екен
Марат
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҚАРАЛУ КЕРЕК
Светлана
Əйел адамдарды 58 жаста зейнеткерлікке шығарған дұрыс.
Магауя
Зейнет жасы қайта қаралу керек
Фатима
Аз да емес, көп те емес, 58 жастан зейнетке шығу өте дұрыс
Алия 56,жас
Әйел затына 58 жас дұрыс.,100% қосыламын. Ақ әже болып та үлгеруіміз керек, қазақи тәрбиені әжелер бермегенде кім береді?
Алия 56,жас
Ия, 58 жас дұрыс деп есептеймін. Әже боп немереге қазақи тәрбиені қашан беріп үлгереміз? 63 ке келгенде Кеш қаламыз - ау...
Myrza
керемет
Куләш 55 жас
Менде косылам әиелдер 58 де пенсияға шыкса дегенге
Гүлбаршын
Менің жасым57 стажым 35+4институтта оқығанымды қосқанда мад.Сыныбында жұмыс жасаймын, бізге сынып жетекші, дәптер тексеруге төленбейді, 5-6 жастағы балалармен ұмыс істеймін. Тәрбиешілердің жұмысының қиындығын ескеріп 58жастан пенсияға шығару керек деп ұсыныс айтам
Гүлбаршын
Тәрбиешілерді58 жамстан пенсияға шығару керек деп ойлаймын
Қаламқас
Барлық нәрсе адамгершілікке сай болу керек, жабайы жануар емеспіз, сауатсыз замандар кетті
Қаламқас
Əйел мұғалімдерге 58 жас та көп.Неге десе ауылдық жерде тұрамыз. Таң азаннан тұрып сиыр сауу күл шығарып от жағу сүтті пісіріп айрае ұйытып фкету. Қала бере малдарды жайлау ға айдап жібереміз деп жүргенде жұмыс уақыты да басталып қалай болса солай киініп ала жұлақ боп шай да ішпей мектепке жетіп барамыз. Біз де өз уақытында қартайып ақ əже болып келін жұмсап немеренің тəтті қылығын аңсаймыз. Ерте пенсия ға шығып жұлқынып тұрып сабақ беретін жастарға орын бергіміз келеді. Қазір білім жастарда дегім келеді.