Ұл балаға бата — Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі материал.
Материал — Ұл балаға бата, бата, тілек, құттықтау — осы тақырыптарға байланысты.
Жорытқанда, балам, жолың болсын,
Қалтаң байлыққа толсын,
Бір толмасын, жылда толсын,
Өмір жасың ұзақ болсын!
Қатарыңнан озған өрен бол,
Қыз көзіндей терең бол,
Сынай қалса – құлақ сал,
Мақтай қалса – керең бол!
Әумин!
*** *** *** ***
Жүсіптің дидарын берсін,
Ибраһимнің иманын берсін,
Пайғамбардың кеңдігін берсін,
Әзірет Әлінің ерлігін берсін!
Абылайдың байрағын берсін,
Батыр Бауыржанның айбарын берсін!
Еліне ырыс-құт орнасын,
Жеріне тыныштық орнасын!
Өсек-аянның құрбаны болмасын,
Озбырлардың шұлғауы болмасын!
Көлденең келер қазадан,
Жазықсыз төнер жазадан
Алла Тағала қорғасын,
Абыройын асырып қолдасын!
*** *** *** ***
Бұл бетте Ұл балаға бата тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ұл балаға бата материалы Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Жатқанбаева Ұлдана
Өте керемет бата!Осы баталар балаларымызға жол көрсетсін!!!
Бекзат
Ұл балаға арналған ең әдемі баталар