Аңқауды алдаған айлакер — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал.
Материал — Аңқау, айлакер, соғым — осы тақырыптарға байланысты.
Көп жылдан бері бірге қызмет істеп келе жатқан екі жолдас болады. Мұның бірі — адамның аңқауы екен де, екіншісі — әрі айлакер, әрі есепкер адам екен.
Бір жылы осы екеуі соғымға бір семіз сиыр сатып алып, оны көшемен жетелеп келе жатады. Аңқау ең арғысы малдың да арық-семізін айыра білмейді екен. Ал енді айлакер қай малды болса да, бір көргенде оның ұңғыл-шұғылына дейін біледі екен.
— Достым, сатып алған малымыз семіз бе? — дейді аңқау.
— Қайдан семіз болсын. Жерлік қана еті бар. Мен қар бекіп, қыс түсіп қалған соң амалсыздан алдым. Болмаса осы сиырды алмас та едім, — дейді айлакер.
— Онда мұны мен алмаймын, достым! Бірақ енді сен ренжи көрме. Өйткені менің бала-шағамның басы бар ғой. Соларға көже-қатық боларлық семіз ет керек еді, — деп, аңқау үйіне бұрылып жүре береді.
— Ашықауыз аңқаулығың мен мал танымайтының маған мұндай жақсы болар ма? Бара бер, жолың болсын, аңқылдақ аңқауым! Бұйырса, бұл сиырдан екі жарым бұт май түседі, — деп айлакер ішінен жымың-жымың етіп қала береді.
Бұл бетте Аңқауды алдаған айлакер тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Аңқауды алдаған айлакер материалы Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі