Cөнген үміт — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал.
Материал — bilim-all.kz, Cөнген үміт, әлеуметтік желі — осы тақырыптарға байланысты.
Бөлме. Шам жарығы. Соғылған сағаттың үні. Үнсіздік. Ноутбуктың алдында бірталай уақыт отырған Айсәуле. Ол бір сәт бар әлемнен бөлектеніп кеткендей күйде. Ешкімнің сөзіне құлақ асар емес. Ешкімге тіл қатар емес. Өзімен өзі отырған қалпы...
Айсәуленің өмірінде ауыр кезеңдер де, көз жасы да, түңілу де болған. Оның толыққанды өмірге қайта оралуына мына ғаламтор себепкер ме екен?! Әлде... Не болса да бұл ноутбукпен оның жақын арада қоштасатын түрі жоқ.
Зымыраған уақыт. Күндер. Түндер. Өз әлемінде өмір сүріп жатқан Айсәуле. Ғаламтор. Әлеуметтік желі. Сансыз хаттар. Жылы сөздер. Тілектер. Мұның бәрін Айсәулеге жолдап жатқан әлеуметтік желіде танысқан жігіті, Асқар Сақтағанов деген азамат. Айсәуле Асқарға сенеді, ендігі бар ойы онымен көзбе-көз жолығу, жақынырақ танысу. Айсәуле ол кездесуге әлі іштей дайын емес сияқты. Кездесу туралы Асқар да әлі сөз қозғар емес.
Таң. Терезеден бөлмеге түскен күн нұры. Ұйқыдан оянған Айсәуле. Қызық, ол әдеттегідей емес, бүгін ноутбукты қосуға асықпайды. Әлденеге көңілденіп, мәз боп жатыр.
Сәске. Сабағынан қайтып келген Айсәуле түскі асын ішер-ішпестен бөлмесіне асықты. Ноутбукты қосқан ол орнында қатып қалды. Көптен күткен арманы...
Темір жол вокзалы. Жан-жаққа асығып жатқан адамдар. Бірінің артына бірі ілесіп жатқан машиналар. Жүрек лүпілі. Күту. Қобалжу. Айсәуле арманының орындалуына санаулы ғана минут қалды. Шамалы ғана қалды.
Аялдамаға жақындаған бір бейне. Сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт. Осы ма екен? Қуаныш сезімі қыз жүрегіне ұялағандай.
Ұялы телефонға келген смс. Айсәуле, кешір мені... Мендей жаман адамды. Мен сен ойлағандай емеспін. Үйленгенмін, екі балам бар. Айта алмадым, кешіре гөр. Сені кездесуге шақырдым, бірақ барар бетім жоқ. Қош...
Сөнді үміт. Соңғы үміт. Қалды есте бұлдыр елес. Көз де көрмес. Сөз де қалмас. Енді бұл сәт қайтып келмес.
Вокзал. Айнала ағылған халық. Зор дауыспен айғай салатын таксистер. Ауылға асығып жол сөмкелерін арқалаған студенттер. Аялдама. Қатып қалған қалпында тұрған Айсәуле. Үміті үзілген Айсәуле. Өмірден қайта түңілген Айсәуле...
Жаксыбаева Ботагоз Жаксыбаевна
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
Бұл бетте Cөнген үміт тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Cөнген үміт материалы Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі